Главная

"Өнерлі өрге жүзер" қолөнер байқауы

Создано: 20.06.2016 10:55
Просмотров: 25563

      2016 жылдың 24 мамыр күні Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорған қала мектептерінен іріктеліп шыққан 12 оқушы қыздың қатысуымен «Өнерлі өрге жүзер» атты кезекті 5-қолөнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:

- Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан  ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын,  ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру,  сахнада өзін-өзі ұстау қабілеттін қалыптастыру;

Қыздар келесі  бағыттар бойынша сынға түсті:

1.     Ою- ою  

2.     Бұйымдардан өз қалауымен зат жасау

3.     Көрме

4.     Дефелье

5.     Таныстыру  

6.     Өнер  көрсету ( ән, би, мәнерлеп оқу)

 

         Бірінші кезеңінде  қатысушылар билетте көрсетілген об атауы бойынша    ою ойды және сол оюдың мән-мағнасын, қайда пайдаланытынын жазбаша қорғады. Күрделі  ою-өрнектер берілсе де қатысушылар бұл сыннан  сүрінбей өтті.

                                             

 Екінші кезең   берілген бұйымдардан (түрлі-түсті қағаздар, жіп, желім, құмыралар , алуан түрлі формадағы макарондар, тастар,  маталар, түйме мен моншақтар, т.б. қалдықтар) қатысушылар өз қалауымен бұйымдар  жасады. Берілген уақыт мерзімінде  шебер қыздар сапалы да, көздің жауын алатын көптеген қолөнер бұйымдарын жасап шықты.

     3-ші   көрме кезеңінде байқауға қатысушы қыздарымыз өз қолдарымен  жасаған  10 түрлі қолөнер  бұйымдарын көрмеге қойды. Осы кезеңде қыздардың қолөнер шеберлігінің жан-жақты, өте жоғары дәрежеде екені  байқалды.  

                          

 

     Дефелье кезеңінде қатысуышы қыздар  достарының қолдауымен әдемі музыка ырғағымен  сахнаға шығып, өздерінің шебер ғана емес қазақ халқының сымбатты да инабатты, ибалы қызы екендігін тағы бір қырынан көрсетті.

 

                        

      Таныстыру кезеңінде қатысушы өзі туралы мағұлмат  беріп  қана қоймай мектебінің ақ үмітін арқалап келегенін,   жетістіктерін,  көрсететін өнерін бірі қарасөз түрінде, ал бірі өздерінің төл туындыларымен жеткізді. Таныстыру кезеңінде ерекше болып көзге түскен шебер қатысушы  23 орта мектептің 9  сынып оқушысы Жанбота Еркежан болды. Өзінің қолөнер шебері ғана емес, ақын қыз екенін тағы бір қырынын көрсетті

 

     Өнер кезеңінде қатысушылар  өз өнерлерін ортаға салды. Бірі мың бұралып билесе, бірі тамылжыта ән салды, тағы бірі мәнерлеп оқу шебері екенін көрсетті. Осы кезеңінде көрсеткен өнерімен көзге түсіп оза шапқан  13 орта мектептің 10  сынып оқушысы Күмісбекова Дананың «Жетім қыздың монологі»  болды. Көрермендер көзіне жас алып, Дананың  актёрлік шеберлігіне таң қалысты.

    Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені  59 ұпай жинап көзге түскен №14  орта мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы он саусағынан өнер тамған, шебер, биші, әдемі де сүйкімді, инабатты қыз Қанат Мейір иеленді.

            

     Мейір Шымкент қаласында өткен Республикалық теннис жарысына Талдықорған қаласы атынан қатысып, марапатталған, 2006 жылы қалалық жасөспірімдер арасында өткен гимнастика жарысының ІІ орын иегері, 2014 жылы Талдықорған қаласы бойынша орыс тілі пәнінен өткен олимпиаданың ІІ орын иегері болған.  Байқау барысында Мейірдің он қолынан өнер тамған хас шебердің өзі екенін білдік. Өзіне берілген «Түйе табан» оюының күрделігіне қарамастан нақышына келтіріп орындаған. Қолөнер бұйымдарын жасау кезеңінде жылдамдылығымен, тапқырлығымен бірден көзге түссе, өнер кезеңінде «Үнді» биін билеп, шебер ғана емес би өнерінің шебері екендігін көрсетті.

                    

     Мейір  Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубының          дипломымен, Талдықорған қаласының   спорт бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.   Алматы облысының «Жастар ресурстық орталығы» арнайы алғыс хатын, бағалы сыйлығын тарту етті.    Төтенше істер  басқармасы  да ризашылығын білдіріп өз сыйлықтарын ұсынды.

1 орынды және «Өнерлі және шырайлы» номинациясына 55 ұпай жинаған шебер және ақын қыз Мойнақ ауылындағы №23 орта мектебінің  9 сынып оқушысы Жанбота Еркежан иеленді.

                                                                

     Еркежан байқауға қатысушы қыздар арасындағы қазақ поэзиясына жаны құмар қатысушының бірі. Ол 2015 жылы Түркістан қаласында өткен Халықаралық конференцияда әдебиет пәнінен ""Қаһар" романы "Көшпенділер" трилогиясының бастауы" ғылыми жобасын қорғап "Релизм проекті" номинациясы иегері болған сонымен бірге, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Талдықорған қаласы жас ақындарының "Жыр тамшылары" атты жинағында "Тәуелсіз Қазақстан" өлеңі, 2012 жылы Талдықорган газетіне "Елбасы" атты өлеңі, 2013 жылы "Вечерний Жетысу" газетіне "Тілім менің тірегім", "Бала бүркіт" өлеңдері, 2014 жылы "Білім шапағаты" газетіне "Жолдау", "Желтоқсан желі" өлеңдері жарық көрген жас ақын.  Мектеп қабырғасында жүрседе бірнеше баспа бетін жарық көрген өлеңдерінен-ақ болашағынан зор үміт күттіретін жас ақын екендігін аңғаруға болады. Байқау барысында Еркежан өзіне берілген тапсырманы тиянақы орындайтын, ақылдылығымен ерекшеленді. Ою-ою кезеңінде Еркежанға «Қос қанатты» ою-өрнегі берілген болатын. Жылдамдылығымен көзге түскен Еркежан тапсырманы дұрыс орындап шықты. Ақындыққа жаны құмар қатысушымыздың ұлттық ою-өрнектерден де хабары барын білдік.

      Өнер кезеңінде Еркежан  «Тілім менің тірегім» атты өлеңімен қазақ тіліне деген құрметін, ұлт жанды азаматшасы екендігін аңғартты.

Е       Еркежан Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубының дипломымен, және Алматы облысының «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттымен,   Талдықорған әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің    бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2 орынды 55 ұпай жинап көзге түскен шебер және биші қыз №2   орта мектептің 10 сынып оқушысы Байшапанова Әдемі иеленді.

                     

Ою ою кезеңінде Әдеміге «Айшық» өрнегін ойып шығу тапсырмасы берілген болатын. Берілген тапсырманы дұрыс әрі сапалы орындады. Әдемі байқау барысыныда оның істеген ісіне тиянақты, кішпейіл және биге деген қызығушылығы жоғары қыз екендігі бірден көрінді.  Сонымен бірге  2014, 2015, 2016 қала жастары арасында өткен тоғызқұмалақ жарысынан ІІ орын иегері, 2016 жылы өткен облыстық "Айгөлек" байқауында биден І орын, 2016 жылы облыс бойынша өткен "Өнерім-өмірім" атты байқауда биден ІІ орын иегері болған. Өз еркімен қалаған бұйым жасау кезеңінде алуан түрлі заттар жасаса,  өнер кезеңінде мың бұралған биші екенін «Шашу» биі арқылы көрсете білді.

  

Әдемі Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубының дипломымен,    Алматы облысының «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хатты және «Мың бұралған биші қыз» номинациясымен  «Огонёк» фото салоны,  «Дос» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

№11 Е.Берліқожаұлы  атындағы  орта мектептің 10 сынып оқушысы сүйкімді, жүзінен нұр шашқан Ерболған Ақерке  жалпы 53 ұпай жинап   3 орынға және «Шебер және өнерлі» номинациясына ие болды.

   

Ою-ою кезеңінде Ақеркеге «Жапырақ» ою-өрнегін ою тапсырмасы берілді. Оюды дұрыс әрі сапалы ойды және заттардан бұйым жасау кезеңінде көздің жауын алатын   лентадан жасалған гүлі бірден көзге түсті. Байқау барысында Ақерке білімділігімен, алғырлығымен қарсыластарының алды болды. Өнер кезеңінде қазақ биін билеп, барша жұрттың ыстық ықыласына бөленді.  Ақерке 2014 жылы өткен "Дарын" ғылыми жоба жарысында тарих секциясы бойынша ІІІ орын, осы жылы қалалық Кіші Ғылым Академиясы жарысында тарих секциясы бойынша ІІІ орын, Қалалық "Дарын" ғылыми жоба жарысында әдебиет секциясы бойынша ІІ орын иегері болған.


      Ақерке Алматы облыстық ата- аналар комиететі және «Мүшелтой» аула клубының дипломымен,   Алматы облысының «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хатымен,    Облыстық ішкі істер саясат  бөлімі және  «Дос» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен бірге басқа қатысушыларға да аранайы номинацияларға ие болып, алғыс хаттармен,   бағалы сыйлықтармен марапатталды.  


  

13 орта мектептің 10  сынып оқушысы Күмісбекова Дана 50 ұпай жинап «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша   Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттарымен,  Талдықорған қаласының  спорт бөлімі және «ҚазПочта» АҚАОФ-ның бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

         

     

«Шебер және ақын» номинациясына  №6А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тыныбекова Айғаным ие болды. Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттарымен «Өлке тынысы»  саяси-қоғамдық газетінің, Талдықорған қаласының  спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марпатталды.

 

 

 

 

      

             

«Өнеріне сымбаты сай» номинациясын жалпы 47 ұпай жинаған №21 Орта мектептің 9 сынып оқушысы Уалиева Айжан иеленді. Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және Алматы облысының спорт бөлімінен алғыс хаттарымен, Талдықорған қаласының  спорт бөлімінің, Талдықорған қала әкімдігінің  бағалы сыйлықтарымен марпатталды.



      «Әдептілігімен әдемі» номинасциясын №22 Еңбек ауылындағы орта мекетептің 9  сынып оқушысы ақылды да өжет қатысушы Бақытжан Айдана иеленді. Айдананың басқа қатысушылардан ерекшелігі көш басшылық қабілетінің жоғары екендігі бәрімізді таң қалдырды. Айдана Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттармен,  «ASSORTI» мейрамханасының екі адамға арнайы кешкі асының сертификаты, Талдықорған қала әкімдігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


    Ушинский атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нақышова Назерке 47 ұпай жинап «Ұтқыр ойлы сөз шебері» номинациясына ие болды. Назерке байқау барысында білімділігімен, бастаған істі соңына дейін жеткізе білетін тиянақтылығымен ерекшеленді. Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттарымен «Зарина» сән салонының қызмет көрсету туралы сертификатымен, Талдықорған қала әкімдігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

                

 

           «Қолөнер шебері» номинациясына  №26 орта мектептің 8 сынып оқушысы Санатқызы Гүлзат ие болды.   Гүлзат Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттарымен, «Ботакөз» сән салонынан қызмет көрсету сертификатымен және Алматы облысы АО «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұжымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

«Қ

                      


«Өнерімен парасатты қыз» номинацясына №9 орта мектептің 9 сынып оқушысы Нұрділдә Алида ие болды.   Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубы және «Жастар ресурыстық орталығының» арнайы алғыс хаттарымен бірге Алматы облысы АО «Тұрғын үй құрлыс жинақ банкі», Алматы облысының «Жастар ресурстық орталығы» ұсынған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

     «Қазақтың тапқыр қызы» номинацясына №12 орта мектеп гимназиясын 9сынып оқушысы Атхан Камшат ие болды. Камшат Алматы облыстық ата- аналар комитеті және «Мүшелтой» аула клубының және Алматы облысының спорт бөлімінің  алғыс хаттарымен, «ҚазПочта» АҚАОФ, Облыстық ата-аналар комитеті және «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының төрайымы Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

 

 

      Қыдырбаева Дания байқауға демеуші болған Алматы облысының «Жастар ресурстық орталығы», Алматы облысы АО «Тұрғын үй құрлыс жинақ банкі», «Өлке тынысы»ЖШС, сурет салоны «Огонёк», Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газеті, «Ботакөз» сән салоны, «abdi» кеңсе тауарлары, «Зарина» сән салоны, «ASSORTI» мейрамханасы, «ҚазПочта» АҚАОФ, «Дос» қоғамдық бірлестігі,  Талдықорған қала әкімінің орынбасарына, Талдықорған әкімдігінің Ішкі саясат және Төтенше істер бөлімдеріне аса ризашылығын білдіріп  «Алғыс хаттарын» табыс етті.

       Байқау барысында «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының өнерлі балалары да қарап қалған жоқ, қатысушыларға демеу беріп, өздерінің әсем әндері мен мың бұралған билерін тарту етті.        
               

    Байқаудың тұрақты жүргізушілері Хасанов Мирас Ыдырысұлы  және Қырықбай Елдос Жандосұлы байқаудың қызықты өтуіне үлкен үлестерін қосты.

 

 Байқауға келген ата-аналар, жанкүйерлер және әділқазылар алқасы байқауға      

   өте жоғары баға берді.