Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

Алматы облытық ата-аналар комитетінің есеп беру және жаңа құрамын сайлау, 2016-2017 оқу жылының жоспарын талқылау мақсатында жиналыс өтті

          Жиынға аудандық, қалалық ата-аналар комитеттерінің төраға(төрайымдары)  және білім бөлімдерінің мамандары қатысты. Күн тәртібі бойынша Алматы облысының ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Қыдырбаева ата-аналар комитеті жұмысының атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

Сонымен қатар, қыздар тәрбиесі, мектептегі асхана жұмысы, ыстық тамақ оның сапасы мен мөлшері, дәретханалар, мектеп формасы, жемқорлыққа қарсы күрес, мүмкінділігі шектеулі балаларға толеранттық көзқарас қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Қатысушылар облыстық ата-аналар комитетінің жұмысына «қанағаттанарлық» деп баға берді.

 Сонымен қатар, күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:

-            Республикалық Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен білім саласындағы өзгерістерге байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне сәйкес келмейтін ақпараттардың одан әрі таратылуына жол берілмеуі үшін,  тек  ҚР БҒМ сайтында жария етілген ресми деректерге және министрліктің ақпараттық хаттарына жүгіне отыра аудандық, қалалық ата-аналар комитетінің төрағалары өз аудандары мен қалаларында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.   

-            Аудандық, қалалық ата-аналар комитетінің төрағалары облыстық ата-аналар комитетінің 2016-2017  оқу жылына арналған жаңа жұмыс жоспарын талқылады.

-            Облыстық ата-аналар комитеті Жарғысының 4 және 8 баптарына сәйкес  ата-аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды.

-            «Мүшелтой» аула клубының жұмысымен танысып, қуыршақ театрының қойлымын тамашалады.