Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

Өткізілген іс-шара есебі

Кеңесіппішкен тон келтеболмас. 

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас. 

2015 жыл14 қараша Талдықорған қаласы № 14 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында  Алматы облысының білім басқармасының   үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу тапсырысы бойынша Алматы облысы ата-аналар комитеті Талдықорған қаласы  білім бөлімі басшысының ата-аналар жұртшылығы алдындағы қоғамдық тыңдауы және «Ата-аналар комитеті  жұмысының жаңа бағыты» тақырыбында ауқымды жиын өткізді. Ұйымдастыру барысында Талдықорған қаласының білім бөлімі  мемлекеттік мекемесіүлкен белсенділік көрсетті.

 Мақсаты: Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алып отырған проблемалардың шешу жолдарын іздеу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін, белсенділігін арттыру, жалпы ата-аналар жұртшылығының күшін жұмылдыру. Ата-аналар комитетінің жұмыс бағытын айқындау және ролін одан әрі күшейту, жандандыру. Білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті дамыту. Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу.

 

Аталған іс-шарағабарлығы – 80 адам қатысты. Оның ішінде: Алматы облысының білім басқармасы, Талдықорған қаласы әкімдігінің жанынан құралған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия төрағасы және мүшелері, қалалық білім бөлімі басшысы, мамандары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Талдықорған қалалық тұтынушылардың құқықтарын                                                                 қорғау басқармасы,   ҚІІБ КТІЖБ-нің басшылары мен мектеп инспекторлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары (төрайымдары), ата-аналары, БАҚ.                                                                  

Республика көлемінде жастарға білім мен тәрбие беру үшін  қыруар ақша бөлініп, талай жұмыстар атқарылуда.   Ұстаздардың  атқарып  жатқан  еңбектері де зор. Болашағымызға  алаңдап көптеген  үкіметтік , ҮЕҰ-дар да жаппай тартылуда. Осыған қарамастан, бүгінгі күні  болашағынан үміт күтіп отырған  жастар арасындағы  кездесіп жатқан келеңсіздіктер азайған жақ. Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алған проблемаларды шешу үшін тек педагогикалық емес, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығының күшін жұмылдыруды талап етіп отыр. ҚР Білім және ғылым Министрлігінде «Ата-аналар жұртшылығы алдында 2015-2016 оқу жылында республикалық қоғамдық тыңдаулар (көпшілік алдындағы ашық баяндамалар) өткізу тұжырымдамасы» әзірленіп бекітілді.

Осыған орай, «Талдықорған қаласының жалпы білім беру мектептеріндегі  оқу-тәрбие жұмысының 2014-2015 оқу жылындағы және ағымдағы оқу жылының 1 тоқсан  қорытындысы» бойынша ата-аналар жұртшылығының алдында Талдықорған қаласының білім бөлімі  мемлекеттік мекемесі басшысының  орынбасары Ахметова Гульмира Тойғанбекқызы есеп берді.

Ақтөбе қаласында биылғы жылдың сәуір айында ҚР-ның «Өсекелең ұрпақ бойында азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда ата-аналар рөлінің өзектілігі» тақырыбында 1 ата-аналар Съезі өттіпоның:  - балалар мен жастар тәрбиесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда республиканың ата-аналар жұртшылығын белсенді қатыстыру; - аймақтық ата-аналар комиттерінің жұмысын жандандыру, олардың қызметінің ашақтығын қамтамасыз ету, балаларға білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті дамыту керек деп шешім қабылдағаны  ата-аналар комитетеріне қазіргі таңда үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктелгенін айқындайды. 

«Талдықорған қаласы бойынша  ата-аналар комитетінің 2014-2015 оқу жылында атқарған жұмыстары бойынша есебі  және алға қойған міндеттері» тақырыбында Талдықорған қаласының   ата-аналар комитетінің төрайымы  Сейдахметова Гулнұр Мырзагұлқызы есеп берді.

Алматы облысының ата-аналар комитеті және «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестіктерінің төрайымы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қыдырбаева ДанияСәлімбайқызы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қоғамдық кеңестің төрағасы бекіткен жоспарына сәйкес «Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеп, білім саласында кездесетін қандай да болмасын проблемалармен  бірлесе  күресуге шақырды.Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру,оқушылар  арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруын ұсынды.

Д.Қыдырбаева өз сөзінде ата-ана баласына  дұрыс көзбен қарап, жақсы баға қою үшін мұғалімге сый-сыяпат  жасайтынын мысалға ала отыра,егер сол ата-ана баласына отбасында дұрыс тәрбие беріп, жақсы оқуына жағдай жасап, қадағалап отырса ол «пәре» ойына да кірмеген болар еді және баласына  жақсылық жасадым дей отыра, болашақта балалары опық жейтінін толық түсінбейтінін айтты. Ата -аналар өздерінің кемшілігін, жіберген қателіктерінің орнын осылай толтырмақшы болатынын мойындамайтынын,сондықтан да ең бірінші жемқорлықпен күресті алыстан іздемей ата-аналардың өзінің тәрбиесінен бастау керектігін ескертті.

Заңды білу, сыйлау, орындау және одан қорқу керек.  Заң  орындалып, заңды біліп, оны қадірлеген адам және адамгершілік-рухани тәрбие бойына сіңіп өскен адам ешқашан жамандыққа бармайды.  

Барлық білім мен тәрбие жұмысын мектепке артып қоймай, ата-аналар комитеттеріне жүктеу қажет, әсіресе осы жемқорлықпен күресті ата-аналар комитеті өздерінің негізгі мақсаты етіп қою керек. Ал, ата-аналар комитеттері барлық жерде өз жауапкершіліктерін дұрыс атқарып отырған жоқ. Ата -аналар  комитеттерінің міндетін мектеп атқарып, не аты, не заты жоқ ата-аналар комитеттері, немесе жалтақ, немесе қағаз жүзінде анда-санда жылт етіп көрініп қоятын ата-аналар комитеттері республика көлемінде көптеп  кездеседі. Шындап болашақты ойлап, жаны ауырып белсене жұмыс жасаймын десе, олардың қолынан қағып, жолын кесіп отырған ешкім жоқ. Оған өзінің іс-тәжірибесіндегі облыстық білім басқармасынан бастап Республикалық Білім және ғылым министрлімен байланыс, қолдау көру дәлел бола алатынын,сондықтан да ата-аналар комитеттерінің жұмысын жандандыру, яғни жөнге келтіру, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету өте қажеттігін нығыздап айтты.

 

Келесі кезекте сұрақтар қойылып,  жиынға қатысушылар ойларын ортаға салды және келесі сұрақтар талқыға түсті:

1. Ата-аналар комитетінің жұмыс бағыты.

2. Ата – аналар комитеті – мектеп арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі.

3. Ата-аналар комитеті жұмысының белсенді жұмыс жасауына мектеп әкімшілігі қандай қолдау көрсетуде?

4. Мектеп асханаларының тамақ сапасы және ыстық тамақпен қамту мәселері. 

5. Мектеп жанындағы медициналық пунктердің жұмыс сапасы. 

6. Серіктестікті дамыту.

7. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек.

Қалалық ата-аналар комитетінің төрайымына қойылған сұрақтар: 

-  Қалалық ата-аналар комитетіндегі жұмыс өтіліңіз?

-  Бұл қағамдық жұмыс. Сіз жетісіне қанша сағат уақытыңызды осы жұмысқа арнайсыз?

-  Облыстық ата-аналар комитетімен, білім бөлімімен, байланысыңыз жайында не айтасыз?

- Қалалық білім бөлімімен келісілген жұмыс жоспарыңыз бар ма және негізгі жоспарға кірген сұрақтар қандай?

- Мектептердегі  ата-аналар комитетінің төраға,төрайымдарымен байланысыңыз? Сіз мектептегі ата-аналар комитетінің  төрайым, төрағаларының жұмысын үйлестіруші (координатор) ретінде  олармен жылына неше рет отырыс,оқыту семинарларын өткіздіңіз?Қандай сұрақтар қарадыңыз, олардың жұмыс жоспары сіздің жұмыс жоспарыңызға сәйкес құрылған ба?

-Атқарған іс-шараларыңыз жайында БАҚ-ры арқылы жарияланған матераиалдарыңыз бар ма ?  

- Қиын балалардың ата-аналарымен жүргізген жұмысыңыз жайында не айтасыз?

 

Келесі ұсыныстар қабылданды::

• Ата-аналар комитеттерінің (қалалық, мектепішілік, сыныптық) жұмысын жандандыру;

• Алматы облысы ата-аналар комитетінің жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, қалалық ата-аналар комитетінің жұмыс жоспарын құру және оны Талдықорған қаласының білім бөлімі  мемлекеттік мекемесімен келісу;

• Ата-аналар комиттерінің  қызметінің ашақтығын қамтамасыз ету;

• Балалар мен жастар тәрбиесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ата-аналар жұртшылығын белсенді қатыстыру;

• Балаларға білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті дамыту ортақ жоспар құру;

• Отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналар үшін тәжірибе алмасу жұмыстарын  ұйымдастыру;

• Ата-аналардың бала тәрбиесінде құқықтық және психологиялық біліктілігін жетілдіру үшін лекциялар дайындау;

• Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып ата-аналарға арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, лекциялар, тренингтер, жинақтар ұсыныстарын жасау;

• Отбасы-мектеп арасындағы өзара қатынас моделін құру; 

• Талдықорған қаласының ата-аналар комитетінің отырысын өткізіп, жаңа құрамын сайлау.

• Ата-аналар комитеттері төраға (төрайымдарын) мектептегі педагогикалық кеңес мүшелігіне енгізу.

• Ата-аналар комиттерінің, мектеп әкімшілігінің, мектеп инспекторларының қатысуымен әр  айдың соңғы сенбісі ашық есік оқушыларды, ата-аналарды қоғамдық қабылдау күні болып жариялансын.

• Мектеп жанындағы медициналық пунктердің жұмысын жандандыру.

• Балалардың отбасында дұрыс тамақтануы жайында ата-аналармен семинарлар өткізу.

• Әр тоқсан сайын (8-10 қараша, 8-9 қаңтар,28-30 наурыз, 13-16 маусым)

Талдықорған қаласы  білім бөлімі басшысыжәне  қалалық ата-аналар комитеті есеп беру,  қоғамдық тыңдауларөткізіп тұру. Сәйкесінше, мектеп әкімшілігі және мектептік ата-аналар комитеті (5-7 қараша,4-5 қаңтар,18-19 наурыз, 10-11 маусым) мектеп оқушыларының ата-аналарының, алқалы басқару ұйымдарының, ұстаздардың алдында.

Келесі кезеңде білім беру мекемесінің және ұжым мүшелері жайында ойларын білу мақсатында   ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді.Ата-аналардың  қанағаттану көрсеткіші 0-ден 4 баллға дейінбағаланды:

4 – толық келісемін

3 – келісемін

2-айтуға қиын

0-мүлдем келіспеймін

 

Нығайту

балл

1.

Балаңыздың оқитын сыныбы ұйымшыл деп ойлайсыз ба?

3,2

2.

Сыныптастарының қасында балаңыз өзін жақсы сезінеді ме?

3,5

3.

Педагогтар балама жақсы қарым-қатынас танытады.

3,4

4.

Біз баламызға әкімшілік өкілдері және мұғалімдер түсінушілік сезімімен қарайды.

3,5

5.

Баламыздың сыныбындағы сынып жетекшісі жақсы.

3,6

6.

Педагогтар менің баламның оқудағы жетістіктерін әділ бағалайды.

3,2

7.

Біздің баламыз үй тапсырмасымен және басқа да оқу қиындықтары жоқ .

3,5

8.

Мұғалімдер баламызды жеке қасиеттеріне көңіл аударады.

2,9

9.

Мектепте әр түрлі іс-шаралар өтіледі ол біздің баламыз үшін өте маңызды.

3,5

10.

Біздің балалар үшін мектепте үйірмелер, секциялар жұмыс істейді.

3,0

11.

Біздің баламызға педагоктар терең де, мықты білім беруде.

3,3

12.

Біздің баламыздың денсаулығын физикалық дамуын қадағалайды.

3,2

13.

Білім беру мекемесі баламыздың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.

3,3

14.

Әкімшілік және мұғалімдер біздің баламыздың дамуына жеке қасиеттеріне жағдай жасайды.

3,4

14.

Бұл мектеп біздің баламызды өзін-өзі басқара алатындай етіп тәрбиелейді

3,5

15

Мектептің сапалы білім мен тәрбие беретініне сенеміз

3,5

16

Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым қатынас 

3,1

 

Барлығы

56,9

 

 

 Іс-шара соңында қатысушыларата-аналар комитеттері жұмысына  0-ден 5-ке дейін  баға берді. Қорытындысын төмендегі кестеден көруге болады және адамдар саны пайыз бойынша көрсетілген:

Ата-аналар комитеттері

0

1

2

3

4

5

Сыныптың

-

-

 5,8%

14,8%

32,3 %

 47,1 %

Мектептің

 

-

17,6%

10,8 %

42,2%

29,4%

Қаланың

11,7%

11,7%

29,4%

5,8%

17,6%

23,8%

Облыстық

-

5,8%

-

-

11,7%

82,5%

 

Сонымен қатарАлматы облысының білім басқармасының   үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу тапсырысы бойынша Алматы облысы ата-аналар комитеті  «Үздік ата-аналар комитеті» облыстық сырттай байқау өткізетіндігі жайында   хабарландыру айтып, ережесімен таныстырды және белсене қатысуларын сұрады.