Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

«Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді» тақырыбында облыстық семинар өтті

 

      2015  жылдың 23 қазаны күні   облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің қолдауымен Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, зорлық- зомбылықтың және басқа да бала өміріне жат қылықтардың алдын алу, ата-ана мен бала арасындағы сенімді, сыйластықты арттыра отырып, отбасы Отанның бір бөлшегі, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру арқылы оқушылар мен ата- аналарды ынтымаққа, татулық пен ұжымдылыққа шақыру. 

Семинар жұмысына төмендегіше міндеттер белгіленді.  

1. Қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық- зомбылықтың, қатыгездіктің, қадағалаусыздық  пен  панасыздықтың, басқа да бала өміріне жат әрекеттердің  алдын  алу;

2. Оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру;

3. Отбасы, мектеп, қоғам арасындағы байланысты нығайту;

4. Ата-ана мен бала арасындағы сенім мен сыйластықты арттыру;

Семинарға аудан әкімінің орынбасары С.Б.Қорғанбаев, аудандық білім  бөлімі   басшысының міндетін атқарушы Ғ.К.Омарова, білім бөлімінің бас маманы С.А.Қожанова, Ақсу аудандық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция майоры Қ.Д. Нұрлыбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Сүлейменова, Алматы облысының ата- аналар комитетінің төрайымы Д.С.Қыдырбаева, облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы А.М.Үшкемпірова, аудандық ата- аналар комитетінің төрайымы А.Б.Есімханова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.С.Қасымбеков, Ақсу ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Е.Қ.Әлібаев, Ақсу ауданы газетінің редакторы Ж.Найманханов, «Ақсу ауданының жастары» филиалының жетекшісі А. Ахмет құрметпен шақырылды. Сонымен қатар Алакөл, Сарқан, Көксу, Кербұлақ, Текелі, Талдықорған аудан, қалаларының тәрбие саласының бас мамандары мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және ата- аналар комитетінің төрағалары, аудан мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен ата- аналар комитетінің төрағалары қатысып, тәжірибе алмасылды. Семинар ата- аналардың «Флэшмоб» биімен ашылып, ата- аналардың белсенділіктері семинарға қатысушыларға бірден серпіліс бере білді.

            

Семинарға қатысушылар мектептің акт залына жиналып, алғашқы құттықтау сөз облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Сүлейменоваға берілді. Жаңыл Магданқызы семинарға қатысушыларға бүгінгі күннің басты мәселелелерінің бірі- ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінің жемісті болуы үшін сіздер мен біздер ата- аналармен тығыз байланыста үзіліссіз жұмыс атқаруға тиіспіз дей отырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Әр ауданнан келген қонақтарға аудандық білім  бөлімі   басшысының міндетін атқарушы Ғ.К.Омарова Ақсу ауданы, мектеп жайлы қысқаша мағлұмат беріп, бүгінгі жұмыстарға сәттілік тіледі. Осы жерде күз ғажайыптарының бір белгісі төрт түрлі жапырақпен безендірілген  «Күзгі ағаш» ортаға қойылып, әр адам өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол түс бойынша келген қонақтар 4 топқа бөлініп сабаққа қатысты. 10 сынып жетекшісі Ж. Сарсенова «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында сыныптың ата- аналары мен оқушыларының қатысуымен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында  ата-ана Қ.Байсқақова «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, өз балаларымызды бірде бағалап, бірде көңілсіз болып тұрсақ сол жаман энергиямызды баламен бөлісіп жатамыз. Бұл әрине дұрыс емес, дей келіп «Отбасы татулығы» туралы аңыз әңгімесін айта отырып, плакаттағы дүниесін таныстырса, ата-ана Д.Төлеубаева Егемендігі бар мемлекетте тұрып жатқан біз бақыттымыз. Тіпті, баланы тыңдата алмадым деудің өзі ұят нәрсе. Себебі, бала жетістігі ата-ананың еңбегі. “Биік шыңға құс қанатымен жетсе, жылан бауырымен жорғалап жетеді. Дәл осылар секілді сендер де биіктікке 2 жолмен: қанаттарың талса, бауырларыңмен жорғалап жетіңдер! Мойымаңдар!”  дегім келеді. Бұл жерде балаға күш түсіріп, бұйрық беруден аулақпын. Әйтсе де, «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» дегендей балаға жігер беру керек деп барша ата- аналар мен балаларды төзімділікке, жігерлілікке шақырды. 

   

Келесі сабақты  5 сыныптың әкесі Т. Шұлғаубаев  «Бала- өмірдің гүлі» тақырыбында өткізді. Бұл сабақ ата- ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға көрсету арқылы, бақытты балалық шақтың ұғымын қалыптастыруды мақсат етіп алды. Сабақтың бірінші кезеңі бойынша «Ой қозғау» гимнастикасы орындалды. Қарға баласын- аппағым дейді. Кірпі баласын- жұмсағым дейді емес пе, осы тұста сіздер де өз балаларыңызды  неге теңер едіңіздер?- деген сауалға ата- аналар өз балаларының қолдарынан ұстап тұрып мейірлене Балалы үй- базар, Балам- бақытым, Балам- бауыр етім т.б теңеу сөздерін арнап, мейірлене білді. «Балалық шақ бекеті» бөлімі бойынша әрбір шаңырақтың қуанышы мен тірегі, шаттығы, өмірінің мәні, бақыты мен сәні бүгінгі бақытты балалар. Сабаққа қатысушыларды тебірене сөйлеген сөзімен баурап алған әке  бала –көңілдің гүлі, көздің нұры, еліміздің ертеңі. Иә, «Балалық шақ өмірдің ең бақытты кезеңі, бірақ балалар үшін олай емес» деген. Бұл тек бір адамның пікірі емес, көптеген адамдар шүбәсіз осылай ойлайды. Неге десеңіз бала күнде тезірек өскіміз, ержеткіміз келеді. Алдымыздағы асқар таудай армандарымыз алысқа жетелеп, қиялымыз шарықтаған сәтте қамсыз балалық  шағымызды  алдағы уақыттың қиындығы мен қуанышы қатарласа жүретін үлкен өмір ағысына қиып кете барады екенбіз. Ол мына өлең жолында айқын көрініп тұр. 

                                         Балалық шақтың бекетін,

                                         Қалдырдым өмір жолында.

                                         Арман көп оған жететін,

                                            Билет жоқ әттең қолымда,- демекші, осы әннің әуенімен балалық шағымызға саяхат жасайық деген үні қызықтыра түсті. Одан әрі ата- аналар музыка әуенімен балалық шақтарына саяхат жасап, түрлі ойыншықтармен ойнап, қолдарындағы заттарын балалық шақтың билеті ретінде балаларына бақытты балалық шақтарыңды мәнді өткізіңдер деген тілекпен қалдыра барды

 

Келесі мағыналы сабақтың бірі 8 сыныпта, осы сыныптың ата- анасы С.Ермұханбетованың ұйымдастыруымен өтті. Бұл сабақтың алдыға қойған мақсаты оқушылар бойындағы әдептілік ұғымының одан әрі дамуына ықпал ету. Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге бағыт беру. Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты  нығайта отырып, ата- аналар мен балалар арасында жағымда қарым- қатынас қалыптастыру. Бұл сабақ «таңғажайып алаңы» түрінде өтуімен ерекшеленді. Сабақтың «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» бөлімі бойынша сабаққа қатысушылар кезекпен алаңға шығып, айналдырып билет алып, жауап берді. Алынған билеттерде «Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?», «Өз бойыңыздағы қандай қасиетті балаңызға үйретудесіз?», «Өз басындағы әдептілікке байланысты қандай қасиеттерді ата- анаңнан үйрендің?» т.б. сұрақтар қарастырылған. Сабақтың қорытындысында «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы орындалды.(сиқырлы сандықшаның ішіне айна салынып, әр адамға ашып көрсетілді). Сабаққа қатысушылар сандықшаның ішіндегі айнадан өз бейнелерін көріп, риза болды.  Сандықшадан не көрдіңіздер? Қандай сыйлық бар екен?- деген сұраққа өзімізді көрдік деген жауап берілді. Иә, өздеріңіздің бейнелеріңізді көрдіңіздер. Бейнелеріңіз әдемі ме екен? Олай болса, сыртқы бейнеміз қандай әдемі болса, ішкі жан дүниемізде сондай әдемі болуы тиіс, сонда ғана әдепті де әдемі боламыз. Әдептілік- әдемілік емес пе? Олай болса, әсіресе ата- аналар сіздер балаларыңыздың айнасы екендеріңізді естеріңізден еш шығармасаңыздар деген оймен сабақ өз мәресіне жетті.

 

Семинар жұмысындағы төртінші  топтың тамашалаған сабағы «Әкем- берік қорғаным» тақырыбында өткен әкелер сайысы болды. Бұл сабақтың мақсаты отбасындағы бала тәрбиесінде әкелер рөлінің артуына ықпал ету арқылы, бала тәрбиесіне әкелер көңілінің бөлінуіне жол ашу. Ата- аналарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге,  оқушылар мен ата- ана арасындағы ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды қалыптастыру болды. Келген қонақтардың қатысуымен жігерлі әкелерден сегіз әке қолма- қол екі топқа бөлініп, түрлі кезеңдер бойынша сынға түсті. Ата- бабамыз «Қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын әке де қыран болу керек» деп әке тарапынан берілетін тәрбиеге аса мән беріп келген. Шындығын айтсақ қандай әке болмасын, баласының білімді, тәртіпті, әдепті, мәдениетті болуын қалайды. Солай десек те күнделікті баланың тіршілігіне аса мән бермей жататыны шындық. Ал бүгінгі әкелер сынынан кейінгі әкелердің ойы күнделікті күйбең- тірлікпен баламыздың тәрбиесіне мән бермейді екенбіз, оны мойындаймыз, енді алдағы уақытта баланың тәрбиесі ана мен әкеге ортақ іс деп біліп, барша әкелерді барлық жағынан үлгі көрсете отырып, балаларымызды тәрбиелеуге шақырамыз деп белсенді әкелер ұран тастады десек артық айтпағанымыз.

 

Міне семинарға қатысушылар бірінен- бірі асып түсетін төрт түрлі сабаққа қатысып шығып, сабақтардан кейінгі самғаған ой, шарықтаған серпіліс ұшқынымен қайтадан мектептің акт залына жиналды. Бұл жерде қатысушылардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру. Өзі туралы ойын дамыту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру. Тұлғаның өзіне сенімділігін арттыру арқылы қатысушылар арасында жағымды әлеуметтік – психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Тәрбиедегі үйлесімділік» тақырыбында педагог- психолог С.Қ.Аубакирова тренинг өткізді.

 

Тренинг- сабақтың жалғасы семинар жұмысының қорытындысы ретінде «Бала тәрбиесінің қыры мен сыры» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына ұласты. Дөңгелек үстел жұмысын мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.Е.Саңқайбаева қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, зорлық- зомбылықтың және басқа да бала өміріне жат қылықтардың алдын алу. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыруда  тиімді модельдерін іздестіру, балалар     өміріндегі ата-аналардың рөлі туралы мағлұмат бере отырып, Отбасы, мектеп, қоғам арасындағы байланысты нығайта отырып, бала тәрбиелеудің әдісі мен тәсілі, қыры мен сырын қолдана білуге жол ашуды мақсат етіп, барша семинарға қатысушыларды пікір алмасуға шақырды.  Ұрпақ-болашақ! Иә, солай десекте бүгінгі күннің ащы шындығы, күн тәртібінен түспей тұрған мәселе- ол ұрпақ тәрбиесі. Қанша жерден «болашақ тұлғаны мектеп қабырғасы қалыптастырады», «орта өз дегенін істейді», «қоғам бағытынан алыс кету мүмкін емес» делінгенімен, адам баласына тәлім-тәрбиенің түп негізін қалаушы –ата-ана, отбасындағы ахуал. Осы тұста Балаларға әрдайым жылы сөз, мейірім жан жылулығы жетіспейді қай кезде? деген сұрақ төңірегінде ойлар тыңдалып, айтылған сөздің дәлдігі ретінде ата- аналардың өздеріне жас шыбықты отырғызу тапсырмасы беріліп, ұядағы балапан, жас өскін көрсетіліп, осылардың күтіміне не қажет болса, бала тәрбиесіне де аса күтім қажет екенін қатысушылардың өздері дәлелді түрде қорытындылады.

 

«Қар қылауымен өседі, бала сылаумен өседі», «бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»- десек те, бүгінгі жасөспірім бала қысқа ойлап, еліктегіш, балалардың өмірімен денсаулығына жат қылықтарға тез мойынсынатын дәрежеге жеттік. Бұған кімді айыптаймыз? Осы тұста Тәрбиені қай тұсынан босаңсытып алдық? «Кінәлі Заман ба, әлде Адам ба?-деген сауал туындап, сауал төңірегінде  ой пікірлер тыңдалды. Пікір айтушылардың екінші біреулері бала тәрбиесіне әкелеріміз көңіл бөлмейді, тек ананың тәрбиесінде, көбіне әкелер сыртта, отбасында болсада күйбең тіршілік, әкелер тарапынан қараусыз, сондықтан да әкелер беделі төмендеп кетті т.б. (әрине көпшілікті кінәлі деп санаудан аулақпыз). Дегенменде, Әке беделін орнына әкелер қандай шара бар? Осы кезде бұл сауалдың түйіні балалар тәрбиесіне «ӘКЕЛЕР КӨҢІЛІ БӨЛІНСЕ ЕКЕН...» - деп үлкен жазу жазылып көрсетілді. Негізінде бәрі де адамға байланысты. Заманды да, өзін де өзгертетін сол адамның ары, болмыс-бітімі. Сондықтан әңгіме айналып келгенде тәрбиеге, халықтық дәстүрге, қала берді ортаға, яғни қоғамдық сапаға тіреледі екен. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты. Балаларды ата- аналарынсыз тәрбиелеу желді күні жапырақ терумен тең екен. Тамызығын тапсаң қар да жанады. Тамшыдан көл құралады- деген сөздерді ту етіп ұстаған семинарға қатысушылар «Ертеңде күн бар ғой, тәйірі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын сезіне отырып, «Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ» іс екенін ойға түйді. Балаларымызға күннің шуақты шапағындай мейірім, жылуымызды шаша отырып, «Отбасы мықты болса, Отан да мықты» яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болуы даусыз екеніне көз жеткізе отырып, ортаға үлкен шаңырақ макетін құрды. Міне ағайын! Барлығымыз бір отбасымыз. «Мәңгілік ел- ұлттың ұлы бағдары»- деп Елбасымыз атап көрсеткеніндей Еліміздің болашағын бүкіл ел болып жасайық! Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу –мемлекеттік маңызды іс екенін қолдайық!!! – деген ұранмен дөңгелек үстел жұмысы қорытындыланды.

 

Семинар бағдарламасының кестесіне сәйкес семинар соңында 2006 жылдан бері ата- аналар мен оқушылардың қатысуымен  «Мирас» ата- аналар қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған 7 үйірменің жұмысымен танысып, әр үйірменің көрмесі тамашаланды. Негізінен үйірмеге қамтылуға ешқандай шек қойылмайды. Қабілеті бар ата- ана, бала қатыса алады. Бұл үйірмелердің тиімділігі оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылады және түрлі жат әдеттердің алдын алуға жол ашады.

         «Шымыр» үйірмесі                       «Футбол» клубы                   «Шебер қолдар» үйірмесі

 

 

«Жас суретші» үйірмесі           «Алтын оймақ» үйірмесі 

 

«Дәрумендер» үйірмесі

 

Көркемөнерпаздар» үйірмесі

 

Семинар өз мәресіне жетіп алғашқы қорытынды сөзін аудандық білім  бөлімі   басшысының міндетін атқарушы Ғ.К.Омарова сөйлеп,  «Сәби деген тақта, не жазсаң соны оқисың»-дегендей, расымен де баланың құлағына сіңген сөз оның ата-анасынан көрген –түйгені ата-аналар өздеріңіздің алдыларыңыздан шығатыны сөзсіз. Сондықтан да бала-ата-ананың айнасы, ал ата-ана баланың идеалы екенін ұмытпаған жөн деп барша қатысушыларды бала тәрбиесін әсте естен шығармауға шақырды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Сүлейменова өз сөзінде бүгінгі ауылдың тірлігінде «Үштік» қағидасының үйлесімділікте жұмыс атқарып жатқанына ризашылығын білдіріп, әсіресе ата- аналарға деген ыстық ықыласын білдірді. Алматы облысының ата- аналар комитетінің төрайымы Д.С.Қыдырбаева 2010 жылы осы жұмыстың бастамасын көріп едім, бүгінгі күні міне өте ризамын, өйткені осы игі істер жалғасын тауып, одан әрі жаңашылдығымен атқарған істеріңіз бүгінгі қонақтарды тәнті етті деп ерекше ықылас білдірді. Әр ауданнан келген мамандар мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары шалғай аудандардан келгендеріне еш өкінбейтіндіктерін айтып, мағыналы да мәнді семинар ұйымдастырған облыстық білім басқармасына, аудандық білім бөліміне, мектеп ұжымына үлкен рахметтерін айтып, алған әсерлерін ортаға салды. Шығып сөйлеушілердің ыстық ықыластарын  және түйінді ойларын қолдап облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы А.М.Үшкемпірова алдағы уақытта тәрбиенің кемшіл түсіп жатқан жақтарын, тез арада қалпына келтіруге шақырды. Одан әрі мектеп директоры М.Н.Кусмолдина семинарға қатысушылардың мектеп атына айтылған жақсы теңеу сөздеріне, ұжымға берілген бағаға риза болса да, оның ар жағында арқалар жүгінің ауырлағанын айтып, алдағы уақытта да осы игі істер жалғасын табатынын атап өтті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғалия Елемесқызы қорытындылады. Иә, күні кеше ғана, яғни 1996 жылдары ата- аналарды мектепке келтірудің өзі қиындық тудырғаны жасырын емес. Ойлана келе бала тәрбиесін жақсартудың бірден- бір кілті- ата- ана екенін білдім. Сол жылдардан бері қаншама тер төгілді десем артық айтқаным емес. Жылдан- жылға ата- аналармен жұмыстың әрбір түрін, әдісі мен тәсілін, қыры мен сырын түрлендірумен келемін. Басты мақсат әр оқу жылында ата- аналармен айлық өткізуді дәстүрге айналдырдық. Міне бүгінгі таңда  ерекше мақтанышпен айта аламын, өйткені ата- аналарымның мұғаліммен иық тірестіре сабақ жүргізіп тұрғанының куәсі болдыңыздар. Сондықтан да бір ауыз сөзбен ойымды қорытындылағым келеді. Бір нәрсені бірте- бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізуге болады! 

Алматы облысы, Ақсу ауданы
                                                                                                          Барлыбек Сырттанов ауылы
                                                                                                        «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
                                                                                   коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
                                                                               тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Саңқайбаева Ғ.Е.

Сонда ғана  «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», «Әке тұрып –ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып –қыз сөйлегеннен без». «Ұл ұяты –әкеге, қыз ұяты –шешеге», «Ұлы бар үйде- қуат бар, қызы бар үйде- шуақ бар» деген ұлағатты сөздер мен мәтелдердің дұрыс айтылғанына көз жеткіземіз. «Отбасы- тәрбиенің қайнар бұлағы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты». Құрметсіз тәрбиелеу- қысым жасаумен тең. Осы жерде екі қарама- қайшы ұғым. Осыған не дейсіздер? Иә, өмірдің өзі екі түрлі қарама- қайшы ұғымнан тұрады екен. Мысалы: ақ- қара, ыстық- суық, биік- аласа, жақсы- жаман, жоғары- төмен т.б. тәрбиеге байланысты ұғымдар ше? тәрбиелі- тәрбиесіз, әдепті - әдепсіз, мейірімді- мейірімсіз, мейірімді- қатыгез, т.б. (слайдтар ақ, қара қораптар арқылы көрсетіледі).  

Иә өмір деген тақтадай түзу жол емес. Оның ылдиымен еңісі, өткел бермес өзені де болады. Тағдыр жолы сан тарау, бір отбасының асығы алшысынан түсіп жатса, екінші бір отбасының жағдайы мүлдем басқаша, яғни бір күн тоқ, бір күн аш, күн кешіп жатқаны жасырын емес. 

Сұрақ: Ал енді, осы екі отбасындағы тәрбие деңгейі қандай? 

Сұрақ: Отбасында материалдық жағы жеткілікті болса да, бала мен ата-ана арасында мейірімділік қарым-қатынас орнықпағаны байқалады дегенге қалай қарайсыз? Осылай болуы мүмкін бе? Иә, сіздердің пікірлеріңіз бойынша отбасындағы тәрбиенің тиімді болу себебі-ынтымақтастық қарым-қатынастың, түсіністік пен көмектің нәтижесі. Қандай жағдай болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, қайғысымен қуанышын, суығы мен ыстығын бірге бөліскен отбасы ғана бақытты отбасы болмақ. Шындығына келгенде әрбір ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапты. 

 

 

 

 

 

Сұрақ: Балаларға әрдайым жылы сөз, мейірім жан жылулығы жетіспейді қай кезде? (ананың жылы алақаны, әкенің ыстық құшағын көрмей, тек аңсаумен өскен жандар- деп бір ауыз сөзбен жауап бере салу әрине оңай. Ал, ішіне еніп, үңілер болсақ ше?)

(Осы тұста ата- аналардан бес ата- ана ортаға шақырылып, ағаш отырғызу тапсырмасы беріледі.) Отырғызып болған ата- аналар орындарына отырады. Әрі қарай  ұядағы балапан, жас өскін көрсетіліп, әркімнің ойы тыңдалады.  

Дұрыс айтасыздар құрметті ағайын!  Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын ойлаумен ұштасуы тиіс. Ертеде ұлы адамдардың бірі «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Жас күнінде берген тәлім- жас шыбықты игенмен тең. Жас шыбықты қалай отырғызсаң, солай бағыт алады. Қисық шаншысаң, қисық, түзу шаншысаң түзу бағыт алады. Қисық өскен ағаштың түзетілмейтініндей,  босаңсып кеткен тәрбиені де қайта орнына келтіру оңайға соқпасы анық екенін түсінуге тиіспіз. «Қар қылауымен өседі, бала сылаумен өседі», «бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады» дегенді әсте есте сақтайық! 

Иә, осылай дей отырсақ та, бүгінгі жасөспірім бала қысқа ойлап, еліктегіш, балалардың өмірімен денсаулығына жат қылықтарға тез мойынсынатын дәрежеге жеттік. Бұған кімді айыптаймыз? Осы тұста «Кінәлі Заман ба, әлде Адам ба?-деген сауал туындап тұр. Осы сауал төңірегінде қандай ой пікірлеріңіз бар?

Сұрақ:    Тәрбиені қай тұсынан босаңсытып алдық?

Осы тұста екінші біреулердің пікірінше, бала тәрбиесіне әкелеріміз көңіл бөлмейді, тек ананың тәрбиесінде, көбіне әкелер сыртта, отбасында болсада күйбең тіршілік, әкелер тарапынан қараусыз, сондықтан да әкелер беделі төмендеп кетті т.б. (әрине көпшілікті кінәлі деп санаудан аулақпыз). 

Сұрақ: Әке беделін орнына әкелер қандай шара бар?

(балалардан, ата-аналардан пікірлері сұралады) Бала тәрбиесіне

 «ӘКЕЛЕР КӨҢІЛІ БӨЛІНСЕ ЕКЕН...» - деп үлкен жазумен жазғым келіп тұр.

      Негізінде бәрі де адамға байланысты. Заманды да, өзін де өзгертетін сол адамның ары, болмыс-бітімі. Сондықтан әңгіме айналып келгенде тәрбиеге, халықтық дәстүрге, қала берді ортаға, яғни қоғамдық сапаға тіреледі екен. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты.

Сол себептен де тәрбиенің қазығы мықты болуы тиіс деп, әкелер жағына көбірек көңіл бөліп жатқан жайымыз бар.

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.  

Әрекет: Не көріп тұрсыздар? (ақ қағаз, тап- таза) (Осы кезде әппақ қағазды алып, барынша жыртып- жыртып шашып жіберемін, ата- аналар теріп алыңыздар деп айтамын.) 

Міне сіздерге осы тұста бір ақыл- кеңес айтқым келіп тұр: Табиғатта қуыс болмайтынындай,  тәрбиеде де үзіліс болмауы тиіс. Міне шашылған ұсақ қағазды теру қиыншылық тудырды, кіршіксіз, пәк көңіл, жан дүниесі таза балаларыңыздың бойына кішкентайынан там- тұмдап берген тәрбиеңізді осы қағаз сияқты шашып алып, уысыңыздан шығарып алсаңыз, қайта қалпына келтіру оңайлықпен келмейтініне көз жеткіздіңіздер. Егер балалардың рухани негізін ата-анасы жасамаса, оны басқа біреулер жасайды. (ата-әжесі, туыстары т.б.) Одан қала берсе көше тәрбиелейді. Бірақ олар ата-ананың орнын еш алмастыра алмайды. Балаларды ата- аналарынсыз тәрбиелеу желді күні жапырақ терумен тең екен. Мұндай келеңсіздіктерге бой алдырмайтындарыңызға сенімдімін!

Бала тәрбиелеудегі ата-аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктер 

1. Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі. /балаларымен араласуға уақытының мардымсыз бөлігін арнайды. / 

2. Ата-аналардың өмірінен алынатын жағымсыз үлгілердің болуы. (ата-аналардың дұрыс емес мінез-құлқы: дөрекілік, маскүнемділік, айналасындағы адамдарға деген жаман ниеттілігі т.б. кемістіктері балаға теріс әсер береді). 

3. Отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі шектеулердің жүйесі. (Бұл кемшілік ата-аналардың қатал болу қажеттігіне, баланың мінез-құлқындағы жаман нәрседен ештеңені қалт жібермеуге, сенімінен және екінші жағынан оңды үлгі арқылы тәрбиелей білмеуден) 

4. Әрекеттердің мектеппен келісілмегендігі немесе онымен алауыздық (Ата-аналар мектепке байланысты мәселелерді отбасында, балалар барда талқылайды. Мектеп туралы, мұғалімдер жайлы жаратпайтын сөздерді айтып, ұстамсыздық көрсетіп, педагогикалық ұжымның әрекеттеріне кереғар шешім қабылдайды. 

Қымбатты ағайын осы кемшіліктер бойымыздан табылып жатса, жеңе білейік. 

«Үштік» көрсетіледі. (Слайдтан да көрсету). қазақы тілмен айтқанда ошақтың үш бұтындай. Егер бір бұты құласа, қазан да құлайды. Бала тәрбиесінде кемшілік бой алдырғанда барып кінәліні іздемей, алдын ала Үштік қағидасын қару етіп ұстай отырып, Бала жүрегіне үңілер жолды адаспай тауып, Тамызығын тапсаң қар да жанады. Тамшыдан көл құралады. Бір нәрсені бірте- бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізуге болады- деген сөздерді ту етіп ұстап, баларымызды тәрбиелей берейік. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне де жақындап қалдық. «Кішкентай жүрек дүрсілі.» жаттығуы орындалады. ( Алдымен барлық қатысушылар сол қолдарын жүрек тұсына қояды. Оң қолдарын оң жақ жүрек тұсына қояды. Жүрекшеге балаңыз туралы ең қастерлі теңеуді жазып, кеудеңізге қондырыңыз)

Сыйластық, түсіністік, бір-біріне деген үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы ғана бақытты отбасы бола алады. 

-Отбасы –тіршіліктің тірегі. Отбасы –сыйластық, жарастық ортасы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. 

«Отбасы –адамзат бесігін тербеткен ұя» 

«Әке –үйдің пырағы, ана-үйдің шырағы»- деп отбасына, әке мен анаға қаншама теңеу келтірген. 

Ұлы ойшылдардың бірі «Дүниенің ең тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деген екен. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет. Ой ымызды қорыта келе «Отбасы анықтамалығы» деп теңеу құрастырайық. 

Отырған адамдарға ақ қағаз үлестіріледі. Жазылған қағаздар ілінеді. 

                                    - Тәрбие бастауы 

                                    - Тәрбие ошағы 

                                    - Тәрбиенің алтын діңгегі 

                                   -  Тәрбиенің алтын қазығы 

                                   -  Тәрбиенің әулеті 

                                   -  Тәрбие тағылымы 

                                   -  Тәрбие бесігі 

                                   -  Тәрбиенің Отаны 

                                   -  Тәрбиенің іргетасы 

                                   -  Ұлттық тәрбие бастауы 

                                   -  Тәрбиенің Атамекені 

                                   -  Тәрбиенің тамаша мектебі 

                                   -  Тарих тағылымы 

                                    -  Мықты мемлекет 

                                    - Тәрбиенің тұйық институты 

                                    - Тәрбиенің рухани өзегі 

                                    - Тәрбиенің мықты құралы 

                                    - Тәрбие ордасы 

                                    - Бала тәрбиелеуші тәлімгер 

                                    - Адамзат бесігін тербеткен ұя 

                                    - Баланың идеялы 

                                    - Тәрбиенің бәйтерегі 

                                    - Тіршіліктің тірегі 

                                    - Тәртіп мекені 

                                    -  Сыйластық мекені 

                                    -  Мейірімділік ошағы 

                                     - Жарастық ортасы 

                                     - Бала тәрбиелеуші орта

                                     - Қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі 

                                     - Саналылықтың бастау алар негізі 

                                     -  Болашақтың бастауы 

                                     - Жақсы сөздер мекені 

                                     -  Туған шаңырағы 

                                     - Арнасы кең өзен 

                                     - Тамырын тереңге жайған бәйтерек 

                                      -  Салт-дәстүрлердің сақтаушысы 

                                      -  Тәрбиенің қайнар бұлағы 

                                      -  Күннің шуағы 

                                      -  Отанның бір бөлшегі 

 

Бала-отбасының айнасы, ата-анасының көшірмесі. Әрбір бала-бір тұлға, оны көре білу, бала әлеміне жол табу, әр гүлдің өзіне тән хош иісі болатындай, әр баланың өзіне тән хош иісін, иіскей білу, оны күтіп-баптау, құлпырып гүлдеуіне жол ашу, оған жетудің қыры мен сырын ашу әрине әр ұстаздың, әр ата-ананың, қала берді әр қоғамдық ұйымдардың басты міндеті. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалана отырып, «Бала-өміріміздің жалғасы, жанұяның жемісі, алтын тірегі, елдің ертеңі»-дей отырып, үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол таба білетіндей көзге көрінбейтін нәзік жіпті үзіп алмай, бір- бірімізге жалғастыра байланыс жасай білейік! 

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс. (орындалған жұмыстар жинап алынып, ілінеді, «Рахмет» сөзін шығару). 

Міне, ағайын біздер бүгін сіздермен шын көңілімізбен бөліскен тәжірибемізден тамызық болардай ой бере алсақ біздер үшін әрине оң нәтиже. Сондықтан да бір ауыз пікірлеріңізді жазып білдірсеңіздер. 

Құрметті ағайын! Сіздермен біріге отырып, ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей екеніне көз жеткіздік. 

    «Ертеңде күн бар ғой, тәйірі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын сезінуге тиіспіз.

Қорытынды: Олай болса ортаға біраз ата- аналар шықсақ, «Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ» іс екенін ойға түйдік. Балаларымызға күннің шуақты шапағындай мейірім, жылуымызды шаша отырып, «Отбасы мықты болса, Отан да мықты» яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болуы даусыз екеніне көз жеткіздік. Олай болса, соңғы тапсырмамызды орындасақ. (Ортаға шар, гүлдер ұстаған әр ұлттың киімдерін киген оқушылар шығып тұрады.  )

Біздің қазақ елінің дархан даласы қандай кең болса, пейіліде сондай кең. Өйткен қаншама ұлт өкілдері тоғысқан. Осынша ұлт өкілдері бір шаңырақ астына тоғысып жатқанда, біздерде бір отбасына айналуға тиіспіз. Олай болса қол ұстасып, үйдің керегесін құрайық, енді уықтарын құрамыз. Ленталарды ұстап уық құрылады.              

Айнала қол ұстасып, ата-аналар, балалар, қонақтар шығады. Үйдің керегесін құрады. Енді уықтарын құрайық.). (Осы жерде шаңырақ макеті құрылады)

Міне ағайын! Барлығымыз бір отбасымыз. «Мәңгілік ел- ұлттың ұлы бағдары»- деп Елбасымыз атап көрсеткеніндей Еліміздің болашағын бүкіл ел болып жасайық! Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу –мемлекеттік маңызды іс екенін қолдайық!!!  

 

«Бала тәрбиелеу- болашаққа үлкен инвестиция» олай болса, «Мәңгілік Ел» тұғырын биік ұстар тұлға тәрбиелеуге шақырамын! 

Отан- отбасынан, отбасы- ошақ қасынан басталатынын әсте ұмытпайық!

 

 

 

Қымбатты ата-аналар, балалар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алып сабағымызды бастайық.

 «Күлімдеу»жаттығуы

  Қанеки, бәріміз бір-бірімізге қарап жүрегімізбен күлімдейікші. 

 Күлімдеу- қарым-қатынастың қуатты құралы, ол күйзелістен, жағымсыз эмоциядан арылтады. Күлімдеу өзара түсіністікті, сүйіспеншілік пен сену туралы ақпарат береді. Күлімдеу – жанды сүйіспеншілік энергиясы. Жылы, сүйкімді күлімдеуді көргенде маужырап және тұйықтықтан, ыңғайсыздықтан арылғаныңызды білмей де қаласыз. Бізге біреу күлімдеп қараса, біз де оған күлімдеп жауап бергің келіп тұрады. 

Ақ тісті жарқыратып күлуді үйренейік,

Жағымсыз әдеттерден жиренейік.

Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай,

Мейіріммен әрқашан біз күлейік.

Күлкі – бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт. 

     Сәлемдескенде күлімде. Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе айналасына адамдар мен жақсылық өзі- ақ топталады.

    Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау  мен күлкіні берген. Күлкі - жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады.

Күлкі жандарыңызға серік болсын! 

     «Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласаң  жалғыз өзің жылайсың» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Күлкі денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді. Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Жымиып, күлімсіреп амандасу- иманжүзділік, именіп тұру- әдептілік.

Тренинг-сабақтың барысы:

      Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі». Жеке адамның бойындағы ар- ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасына, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге ( ауыстыруға) болмайтын баспалдақ.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасындағы басты тұлға Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы. Ал, отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Иә, Бала - Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз дей отырсақ та жіберіп жатқан олқылықтарымыз ауыз толтырарлықтай. Күнделікті күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын қадағалап бағыт, бағдар беруге көңіл бөлмей, баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасап ықпал етулері де өте аз. «Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден тұрады» Олар-әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі- отбасының бірлігі, отбасының берекесі. Отбасы қоғамның іргетасы деп ауыз толтырып айтып жатсақ та, бала тәрбиесі әке мен анаға ортақ іс десек те осы үштіктегі ананың балаға деген сүйіспеншілігі, мейірімі, беріп жатқан тәрбиесі баршылық. Баланың өзін-өзі танып, қалыптасып, дамуына ата-ана, ұстаз, бала үш бірлігінің маңызы ерекше. Отбасы да әке, ана, бала- үш бірлігінен тұрады. Әлеуметтік макроқұрылым да отбасы, мемлекет, қоғам-үш бірлігінен тұрады. 

-Күні бойғы баланың психологиялық көңіл-күйі неге байланысты екендігін білесіз бе?

-Үйдегі жаман жанұялық қарым-қатынас баланың жүйке жүйесіне әсер ете ме?

-Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

-Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындап, кешірім сұрау    қолыңыздан келе ме?

-Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай ақылдасу қолыңыздан келе ме?

«Өтінемін» ойыны

Мақсаты:  Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін, т,б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-секіріңдер.

-оң аяқтарыңды көтеріңдер.

-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар.

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.

- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар.

Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі– бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында  махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. 

«Кел ойнайық» сергіту сәті

Өтірік айту жаман қасиет дегендеріңіз, қол соғайық.

Жақсы адам болғыларыңыз келсе, орнымыздан тұрайық.

Жалқаулық жаман қасиет дегендеріңіз, отырайық.

Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл- күймен келгендер, бір-бірінің қолын алсын. 

Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық. 

Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.

Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық. 

«Әріптерден басталады аялау» жаттығуы

Әркімде аяушылық сезімі болуы керек. Аяушылық сезімі жоқ адам қауіпті. Мейірімділік жүректен бастау алады. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығады. Балаларға, ата-аналарға әріптер беріледі. Қатысушылардың міндеті сол әріптен басталатын әдемі сөздерді көбірек жазу керек.

Қарға сүйеді баласын «аппағым» деп

 

А

Қ

Ж

Б

С

Ә

Ақылдым

Аяулым

Асылым

Алтыным

Ардағым

Аппағым

Ай-күнім

 

Қамқоршым

Құлыным

Қызығым

Құндызым

Қарлығашым

Қымбаттым

Қадірлім

Қозым

Қоңырым

Жаным

Жарқыным

Жүрегім

Жұлдызым

Балапаным

Бақытым

Ботам

Болашағым

Балам

Базарым

Бөпешім

Байлығым

Балым

Сәнім

Салмақтым

Сүйіктім

Сүйкімдім

Сұлуым

Сары алтыным

 

Әдептім

Әдемім

Әділім

Әлпешім

Әсемім

Әлдиім

Ана- анаңды аяла

А

Қ

Ж

Б

С

Ә

Анашым

Ақылшым

Аяулым

Асылым

Алтыным

Ардағым

 

Қамқоршым

Қымбаттым

Қадірлім

Құрметтім

Жаным

Жарқыным

Жүрегім

Жылуым

Жақыным

Жанашырым

 

 

Бақытым

Базарым

Байлығым

Барым

Бәйтерегім

 

Салмақтым

Сүйіктім

Сұлуым

Сырласым

Сабырлым

Әдемім

Әділім

Әсемім

«Келесіде кездескенше» жаттығуы

«Күн» жұмсақ ойыншығы.

    Менің қолымда ғажайып күн. Ол бүгінгі күнге шуақ шашып, бізге жылылық, қуаныш, бақыт әкеледі. Сіздер осы күнді бір-біріңізге беріп, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тілектеріңізді топ қатысушыларына арнайсыздар.

   Біздің бүгінгі тренингіміз аяқталды. Бірақ біздер келесі тренингте кездесеміз деген үмітпен қоштасамыз.