Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

«Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін!» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Алматы облысының ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясында орналасқан «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының мәжіліс залында қоғам назарын білім беру саласына аудару, педагог мәртебесінкөтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдауға үндеу мақсатымен алқалы жиын өтті.

  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалынан, облыстық білім беру басқармасы мен ішкі саясат бөлімінен, жастар саясаты басқармасынан, ақсақалдар алқасы мен ата- аналар қауымдастығынан, мектеп пен колледж және БАҚ өкілдері қатысты.

            Жиын барысында бүгінгі ұстаз мәртебесі қай деңгейде және оның бейнесі қандай болу керек ? Ата-ана баланың көзінше мұғалімнің кемшілігін айтып, сөз қылу дұрыс па және кешегі мұғалім мен бүгінгі мұғалімнің айырмашылығы қандай? Салыстыруға бола ма? Осындай сұрақтарға жауап іздеп, кеңінен талқыланды.

            Алматы облыстық білім беру басқармасының басшысы Ләззат Тілеубайқызы Базарқұлова өзінің сөйлеген сөзінде, «Ұстаз – ұлағатты есім, себебі, баршамыз ұстаздың алдынан өтіп, алғашқы білім алу жолынан өткенбіз.Мектеп қабырғасында жүріп, ұстаздардың ертеден кешке дейін шаршамай, шалдықпай шәкірттерге білім беру жолындағы ауыр еңбегінің куәсі болдық емес пе ?Сол еңбек күні бүгінге дейін жалғасын табуда, бұдан әрі жалғаса бермек.Сондықтан ұстаздың еңбегін бағалау және оған зор құрмет көрсету баршамыз үшін  жауапты да маңызды іс.Себебі, ұстазға қолдау білдіру арқылы біз балаларымызға деген білім беру жүйесін жетілдіріп, сапасын арттырамыз деп»- ортаға ой тастады.

            «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Ләйлә Сағынғалиқызы: «Мұғалімдік мамандыққа деген жастар арасындағы талпыныстың жоққа тән екендігі мен жалақысының өте төменділігі ұстаз беделіне әсері бар екенін»- атап өтті.

            Облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Дания Қыдырбаева  мұндай тұжырыммен келіспейтінін білдірді, себебі ұлағатты ұстаз болу үшін ақшаның көптілігі мен киімнің көктілігі басты мәселе емес, ең бастысы ақыл-оймен сана-сезімнің жоғары және ұсазға тән дарынның болуы қажет. Сондықтан  баланы мектеп жасынан ұстаздыққа деген қабілетін анықтау арқылы  мұғалімдікке баулу керек. Осындай іс-шаралар барысында кез-келген адамның ұстаз мамандығына деген оп- оңай қолжетімділігіне тосқауыл  қоюға болады деп сөзін аяқтады.

            Жиынға қатысқандардың көпшілігі ұстаз мәртебесін арттырудың қажеттілігін бірауыздан құптап, мойындады. Сонымен қатар, кейбір ата-аналардың үйде отырып, баланың көзінше мұғалімнің кемшіліктері туралы сөз етуін айыптап, оның үлкен қателік екенін атап көрсетті. Себебі, оны естіген баланың ұстазға деген құрметі күрт төмендесе, ұстаздың ол балаға білім беру әсері кемиді. Сонымен, құрметті ата-аналар  өзіміз отырған бұтақты өзіміз кесуге жол бермейік! Бүгінгі жас ұрпақ, ертең ел тізгініне ие болады. Ел болашағы осылардың қолында.Сондықтан біліммен қатар рухани тәлім – тәрбие арқылы адами құндылықтарды: шыншылдық пен әділеттілікті, адалдық пен адамгершілікті балалар бойларына дарыта беру мемлекеттік маңызды шаруа. Ұлттық идеологияның ұлы көшінің алғашқықадамдары осындай  іс – шаралардан бастау алады.