Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

«Балаларға бірге көмек берейік!»үндеуімен өткен «Мектепке жол» акциясы

Тамыздың 19  күні әдемілеп безендірілген «Мүшелтой» аула клубының залында «Балаларға бірге көмек  берейік!» үндеуімен «Мектепке жол» қайрымдылық акциясына жиналған 60 баланың   қуанышында шек болмады.

 «Қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан, сондай-ақ жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу мақсатында сегізінші  рет ұйымдастырылып отыр.Жағдайы  төмен отбасыларының тұрмыс жағдайын толық зерттеп, растайтын құжаттарын тіркеп,  бірнеше мекемеге демеушілік көмек көрсетулерін сұрап хат жолдадық», - деді Алматы облысының ата-аналар комитетінің төрайымы және «Мүшелтой» аула клубының директоры Дания Қыдырбаева.

 

Аталған өтінішті жерге тастамай қабыл алған «Жәрдем» жастар қоғамдық бірлестігі60 балаға  кітап салатын сөмкеден бастап, соңы сызғышпен аяқталатын оқу –құралдар топтамасын табыстады.М.Карібаев басшылық етіп отрырған  «Қазпошта» АҚАОФ-ды көп балалы жалғыз басты анаға азық-түлікпен ( 2 қап  шай,50 кг ұн,10 л май,25 кг қант,15 кг макарон,4 кг гречка,.5 күріш, 5 кг сарымсақ, 10 кг сәбіз,30 кг картошка) қамтамасыз етті..

 М.Ахимбеков басшылығындағы«КМК Талдықорған Жылу сервис»  ағайынды  2 балаға  35 000 теңгеге  мектепке киіп баратын киімдерін, қажетті оқу құралдарын,  сөмке, қалам, дәптер, ұштағышына дейін толық алып берді.

Облыстық прокуратура, «Лактис ЛТД» ЖШС-нің өкілдері қыркүйек айының басында мұқтаж жандарға  киімдермен көмектесетіндерін айтты.

            «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубытұл жетім Ж.Б. есімді баланы  қамқорлығына алып Д.Қыдырбаева (4 футболка, 1 жейде, 2 шалбар, спорттық киім, 2 жылы кеудеше) берді. Ж. биыл Астана қаласына «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға түскен болатын. Нотариус Әскербек Бекбосынов жасөспірімнің қолына 15000 теңге ұстатты. Сол сияқты нотариус Гаухар Берсінбаева, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ольга Кременцова да 1000 теңгеден ұсынды.

            Акцияға мұрындық болып отырған «Мүшелтой» аула клубының «Қабылдау пунтінен» 15 отбасы үлкенді-кішілі 3-4 киімнен алып олжалы қайтты. Аталған іс-шара «Мүшелтой» аула клубының жас өнерпаздарының концерттік нөмірлерімен жалғасып жатты.  СоңындаҚыдырбаева Дания Сәлімбайқызы демеушілерге Алматы облысының ата-аналар комитетінің «Алғысхатын»  табыс етті.м

            Жесірі мен жетімін жылатпаған елдің ұрпағы болғандықтан осындай игі іс-шаралардың ел арасында жиі өткізу және оны кеңінен насихаттау  ел азаматтары үшін жауапты міндет және маңызды шаруа екенін ұмытпайық!