Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

Ата – аналарға арналған коучинг

 Ата – аналар арасындағы топтық жұмыстың тиімділігі

Ата – аналарға арналған коучинг рефлексия

        Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылған жаңа заман талабы – өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қрым – қатынас жасай білетін, өзін- өзі жетілдіру арқылы  өмірлік мақсаттарына жете алатын ұрпақ тәрбиелеу отбасы, қоғам  алдындағы  міндет. Дәстүрлі  ата- аналар отырыснда мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары баяндама оқып, осы баяндама айналасында  ата – аналардан  суыртпақтап  өз  ойын  жеткізуге  тартатынбыз. Ата – аналардың ішінен белгігіл бір сөйлейтін ата- ана ғана ойын білдіріп, пікірін айтатын.

 

     Отбасы тәрбиесіне байланысты өткізілген  ата – аналармен  бірлескен  коучинг барысында  топтасып берілген сұрақтар бойыншы ақылдасып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей» пікірталасқа жұмыла кірісті. Психологиялық  сәтте  ата – аналар өз көңіл күйлерін  фотосуреттер  арқылы  білдірді.  Психологиялық сәттен кейін әр топқа  тапсырмалар берілді. І бөлім бойынша «Отбасы тәрбиесінің мектеп өмірімен  байланысы» тақырыбында , ІІ – ші «Отбасы тәрбиесінің бала болашағына әсері»  ІІІ – ші бөлім «Ата – ана  бала  көзімен»  тақырыптрында  ойталқы жүргізді.  Пікіралмасу барысында  берілген  тапсырма  аясында  ойларын ортаға салып, ақылдасу үстінде болды. Ата – аналар  арасындағы  топтық  жұмыс барысында  байқағаным, көшбасшы ата – аналар, яғни  сөзге шешен, жүйелі  сөйлей алатын ата- аналар топ ішінен суырылып шығып топқа бастамашыл болды. Олар: І – ші топтан Жанар, Нұрғайша ІІ– ші топтан Әлия, Сайра, ІІІ топтан Шолпан, Гүлнар, Рахман ата және Айжан. Талдауға арналған сұрақтар «Мен болашақта баламда қалай елестетемін» , «Жеке  тұлғаның өзін- өзі дамытуы дегенді қалай түсінесің, ол үшін балаға ата – ана тарапынан қандай көмек қажет?» , «Баланың өзін- өзі   дамытуы қандай іс – әрекеттерден тұрады?» деген сұрақтар аясында пікір алмасты. Пікір алмасу барысында осы уақытқа дейін баланың өзін – өзі дамыту жайында ойламағандарын  білдіріп,  бұл мәселе жайында отбасы тарапынан көңіл бөлу керектігін саналарына түйді. Өз – өздеріне қайран қалды.  Мысалы: Жанар есімді ата- ана баласының өзі- өзін дамыту барысындағы іс – әрекеттеріне көңіл бөлмегендігін есіне алып, өзіне қайран қалды. Баланың өзін - өзі дамыту барысында ата – ананың оң ықпалы бала болашағына тигізетін мол әсерін бүгін түсінгендігін білдірді.   Келесі кезекте ата – аналарға  бала тәрбиелеудегі жағдаяттарға байланысты топтық жұмыс берілді.  Топтық жұмыс барысында  баланы шектен тыс жұмыс басты ету, еркінсіз өскен отбасындағы бала қандай болып өседі, барлық жағдайда баласы үшін ата – ана жауап беретін болса, бала қандай тәрбие алады, баланы шексіз сүйіп, оның кез- келген тілегі заң болса, ондай жағдайда  бала  қандай  тәрбие  алады  осы  орайда  ата – аналар  ойларын  ортаға салды.


          Коучинг   соңында  ата – аналарға «Ашығын айтсам...» анкетаны толтыру тапсырылды.  Анкетадағы сұрақтар бойынша стикерге ата – аналар  коучинг барысындағы пікірлерін жазды.  Қызыр Гүлзира есімді ата- ана «Бала тәрбиесіндегі ата – ана маңыздылығын түсіндім, күнделікті күйкі тірлікте біз ескермейтін дүниені білдім. Ұйымдастырушыға ризамын» десе, Мамырбекова Сәулегүл  «коучинг қатты ұнады, ата – аналар жиналысы осындай бағдарламамен өтсе» деген, Самбетова Алия «ұлдарымды тәрбиелеуді жаңа қырынан таныдым» деген осы орайда қатысушылар пікірлерін білдірді.

     Коучинг барысында ата – аналар  жұмылып кіріссе бала тәрбиелеуде, шешуін таба алмай жатқан мәселер болса  бірлесіп, ортаға салып, көмек көрсетуге болатындығы, АКТ көмегімен хабарласып, ой алмасу керектігін айтты.  

 

 

           

 

Ата – аналарға топтық жұмысты                                 тапсырмаларды шешу барысында

ұйымдастыру тиімділігі барысында әңгімелеу       

 

             

Ата – аналармен ынтымақтастық                                      постерлік жұмысты қорғау барысы

             атмосферасын  құру                                              

 

 

Бобек Ишкал <Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.>

Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп Көкдала бастауыш мектебімен мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                  Ж.Жумаханова