Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

Бала тәрбиесі-баршаға ортақ іс

 
   Райымбек ауданы
Қайнар ауылы
Қайнар орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Ботабаева Жадыра Болатовна

 

 

 

   Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. 

     Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған деп айтуға болады. Өйткені, тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап ағайын-туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлылық жасаған. «Балаңа бас құр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашаққа мын қатты ойластырған.
     Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса - жұбан, Қоғамға тартса - қуан» - деп бекер айтпаған. Қазақ табиғатында отбасы иелеріең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан қызын - арға, ұлын - нарға бағалаған.
     Мектеп - қазақ халықтың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше егеменді калған еліміз демектептің философиялық тамыры терең деген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру қажеттілігі заман талабы. Заңғаржазушы Мұхтар Әуезовтың: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім»,- деп атап көрсеткеніндей, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана - болашақты гүлдендіріп, тәуелсізелдінығайтушыұрпақ. Ата-бабаданқалғанөшпесмұра, мол қазынанықабілетіжоғарыұрпақтыңбойынадарыту – мектепміндеті.
     Қазір бала тәрбиесін бүгінгі теледидарға, компьютерге жүктедік. Ғалам қаншалықты өзгеріске ұшыраған сайын да сонымен бірге жаңа өзгерістерге ұшырайтыны ақиқат. Осындай кезде адам өзінің тектілік, ұлттық тәлім-тәрбиесінің негіздері болып табылатын халықтың үлгі-өнегеден қолүзбеулері ауадай қажет.


      Ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігін 
зерделей қарап, терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрі де оның тәрбиелік мәнін сөз етпей өткен емес. «Халықтың тәрбиесін ен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.
Адамның тектілігі, қасиеттілігі айналасындағы әлеуметтік ортасы болмаса, оны бағалайтын, ол туралы пікір алысатын ортасы болмаса құнын жояды. Яғни идеалдың ұжымсыз, әлеуметсіз идеалдық қасиеті болмайды. Біз бұдан тұлғаның әлеуметтік ортамен байланысын, ортаның тәрбиелік ықпалын көреміз. Тұлғаның ұлттық қасиеті, оның дәстүрінен, әдеп-ғұрпы арқылы бойынан көрініс табады. Осындай дәстүрлеріміздің бірі - сыйласымдылық дәстүрі. Сыйласымдық дәстүрінің бір құндылығы әлеуметтік ортадағы, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалдың реттелуіне, қауымдастықтың дамуына зор ықпалы бар екендігін ескергеніміз абзал. Сыйласымдық қарым-қатынастың қазақ халқының ескі тарихынан келе жатқандығы, оның ұлттық дәстүрлерге байланыстылығын, оның ауызбірлік пен ұйымшылдықтың тұтқасы екендігін ұлт тіршілігінен көреміз.

      Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет . Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады . 
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші , ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.