Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

Бала тәрбиесі соншалықты қиын ба?


Алматы облысы  Райымбек ауданы
Ұзынбұлақ ауылы Ы.Көшкінов атындағы
Орта мектептің ата –аналар комитетінің Төрайымы
Сарсебекова Қарлығаш Кесикбайқызы

 

 

Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үрдіс. Тіпті ол соғып тұрған жүрегің сияқты. Қоғамымыздың  ертеңі, болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке,  шыншылдыққа үйретіп отырған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі  бесіктен басталатыны баршаға аян. Өркениетті елдер көшіне қосылуды мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден  қояды. Өйткені бала – өміріңіздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды. Жас бала дүниеге келгенде – алға қойған арман – мақсаты болмайды.

Сондықтан балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым – қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды. Моральдық жағынан азғындаған отбасында әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бала ата – ана қамқорлығы мен, сүйіспеншілігін сезінбегендіктен ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды. Ал материалдық жағынан толыққанды жеткілікті отбасы – баланың кез – келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру арқылы, аламын деген нәрсені сөзге келмей сатып алып беруді бала тәрбиесіндегі міндетін орындаушылық деп түсінеді. Ал ол балалардың еңбек құнын сыйлауды білмейтін, арамтамақ, жалқаулар санын көбейтіп жатқанынан бейхабар болып қалады. Отбасында ананың сүтімен нәрленіп, ананың әлдиімен уілдеген бала әкенің рухымен қуат алуы тиіс.


Ата – анасы тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады, ұстазы білімді болса – шәкіртінен озық ойлы азамат шығады. Ең басты тәрбие құралы – халықтық педагогика. Ғұлама ойшылдарды ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды, халқының тарихын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды халық тәрбиелеген. «Еменді ій, иілетін кезінде, баланы тый, тыйылатын кезінде» дейді халық даналығында. Егер ата – ана баласын дұрыс тәрбиелемесе – қисық ағаш болып өседі. Сондықтан тәрбиенің негізі ата – ана, мектеп, қоғамдық орта болып – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында адами қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі  мені  де толғандырады.Мен Сарсебекова Карлыгаш  Райымбек ауданы,Ұзынбулак ауылында Ыдырыс Кошкінов атындағы орта мектепте ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырып келемін.Осы ауылда туып,өсіп-өніп,аты аталған мектепте білім алғанмын.Қазіргі таңда төрт бала тәрбиелеп отырған анамын.Мектебімізде 200-ден аса бала бар.60-қа жуық ата-ана балаларының болашағына алаңдаулы.Мектеп директоры Рахымов Жандостың басшылығымен 30-дай  мұғалім еңбек етеді.Мектептегі оқу-тәрбие процесінің  жүргізілуіне ата-аналар дән риза.Біздер ата-аналар да мектептегі тәрбие  жұмысына барынша ат салысып тұрамыз.

 Қазіргі таңда сөздік қорымызда «тәрбиесі ауытқыған», қиын бала», көше баласы» деген сөздер бар. Осындай бала қайдан шағады, неге ата - ана тәрбиесіне көнбейді. Оны тәрбиелеуге балабақшаның, білім беретін мектеп пен ұстаздың, ата - ананың, тіптен қоғамның күші жетпей ме деген сауал туады.

«Аюға намаз үйреткен таяқ»деп баланы ұрып – соғып, таяқтың күшімен тәрбиелеймін деген қатал әке - шеше де бар, бірақ бұл тәсілді көп қолдансаңыз, бала мінезінде қаталдық, мейірімсіздік, қатыгездік, тасжүректік пайда бола бастайды. Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, тағы да бабаларымыздың бес жасқа дейін балаңды құдайдай сыйла, бес жастан он жасқа дейін құлындай жұмса, он жастан асқаннан кейін ақылшыңдай сыйла. деген асыл сөзіне жүгінуіміз керек. Кейбір отбасында әке қабағынан ұғатын, шеше сөзін тыңдайтын дәстүр қалыптасқан. Ондай отбасының баласы тәрбиеге көніп ата - анасының айтқан ақылына құлақ салып, ибалы өседі. Ал ата - анасын алдап, өтірік айтып ұрлық жасайтын жеңіл жүріске түскен ұлмен қызды дұрыс жолға саламын деп, қол көтеріп, баласын тыңдата алмаған ата - ана өзінің дәрменсіздігін байқайды. Бұндайда есіңе Ы. Алтынсариннің бала тәрбиесі туралы жазған шығармалары түсіп, неше күн, неше ай, неше жылға кешіккендігі туралы ойға қаласың. Бала тәрбиелеуге қаталдық та керек, бірақ оның шегі болу керек деп ойлаймын.

Тәрбие өнері дегеніміз - ең алдымен жүрегіне жол таба білу өнері. бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс - тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі – махаббатпен де табуға болады. Жылы - жылы сөйлесе жібімейтін жүрек жоқ., тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек. Өйткені бала – бауыр етің …

Сөзімді қорыта келе бала тәрбиесінде  ата – ана, мектеп, оқушы үш тағаны берік болса, алынбайтын қамал жоқ. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

 

Тәрбиенің бастамасын бала жан ұядан алады. Отбасы әрбір бала үшін алтын бесік, сондықтан әрбір отбасы тәрбие тірегін осалдатпағаны абзал. Құрметті ата – ана, ұстаздар қауымы ұрпақ тәрбиесіне сергек қарау, серпінді тәрбие беру кезек күттірмес күн талабы.