Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

"Мүшелтой" балалар мен жасөспірімдер клубының атқарған іс-шаралары

  

      13 мамыр 2016 жылы  «Мүшелтой» аула клубында    өнерлі ұлдар   арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы болды. Байқау жасөспірімдерді саханаға бейімдеу, таланытты, өнерлі болуға және қазақ азаматтарына тән  қасиеттерді білуге баулу мақсатында өтті.

Байқау 4  бөлімнен тұрды:

1.      «Таныстырсам өзімді» таныстыру;

2.      «Сегіз қырлы бір сырлы» өнер сайысы;

3.      «Білгенге маржан» сұрақ-жауап;

4.      «Күш атасын танымас» спорттық жарыс.

      Бірінші кезеңде жарысқа қатысушылардың бірі қара сөздермен өзін таныстырса,  енді бірі терме түрінде таныстырды. Келесі кезеңде қатысушылар өз өнерін ортаға салды. Бұл бөлімде әуелеген әндер айтылып, күмбірлеген күйлер шертілді. Олар өздерінің нағыз қазақ жігітіне тән «Сегіз қырлы бір сырлы» азамат болып өсіп келе жатқандығын  дәлелдеді.   Ең қызықтысы және ең күрделісі «Білгенге маржан» кезеңі болды.   Қатысушыларға негізінен ұлттық ойындар, даналық сөздер, сәлт-дәстүріміз төңірегінде сұрақтар қойылды.

 

           

         Соңғы  спорттық жарыс кезеңінде қатысушылар қол қүрестіру, кеудені жерден көтеру бойынша сайысқа түсті. Қол күрсетіру бойынша Құрман Ерасыл қарсыластарының бәрін жеңсе, Сайранбек Нұрбек кеудені  жерден көтеру түрі бойынша 60 рет орындап бәрін таң қалдырды.

    Байқау қорытындысы бойынша: Жомарт Дәулеткелді- «Өнерпаз жігіт», Жанат Аятолла- «Сегіз қырлы бір сырлы», Мамырбек Берікжан- «Парасатты жігіт», Сайранбек  Нұрбек- «Батыл жігіт» номинацияларын иеленді.

      Бас  жүлде «Жігіт сұлтаны» өнерлі оқушы Құрман Ерасылға бұйырды. Байқаудың соңы «Мүшелтой» аула клубының   әншілері мен бишілерінің    арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.