Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

"Қарлығаш" қыздар тәрбиесін үйлестіру орталығы

2008 жылы Алматы облысының ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен «Мүшелтой» аула клубында  «Талдықорған қала қыздарының тәрбиесін үйлестіру орталығы» қызметі өз жұмысын бастаған болатын.
 

 Орталықтың негізгі мақсаты: 

  •    Талдықорған қаласының жалпы білім беру мектептеріндегі қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті нығайту   
  • Кәмелетке толмағандар қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу, репродуктивті құқығы және репродуктивті денсаулығын қорғау, сапалы   медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру
  • Қыздарды  адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу,   өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және көшбасшы тұлға болып жетілуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету
  • Аналардың қыздар тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, мектеп, отбасы және бала арсындағы байланысты нығайту.

       Барлық қала мектептерінде  қыздар ұйымы құрылып,  оларды 1 төрайым, 2 оның орынбасары басқарады және олар «Мүшелтой» аула клубының волонтерлары реттінде үйлестіру орталығының ұсынған жұмыс жоспары бойынша өз мектептерінде  іс-шара атқарады.   Қыздар  арасындағы проблемаларды тікелей көріп, себептерін анықтап олардың шешу жолдарын іздеп, сауалнама, тест жүргізу, тренинг, семинар, байқау, жиындар, кездесулер сияқты түрлі бағытта алдын-алу жұмыстарын  ұйымдастырады.

Талдықорған қалалық  Еңбек ауылындағы №22 орта мектептің «Қызғалдақ» қыздар ұйымының  өткізіп отырған іс-шаралаы:

 Ар апта сайын 5-11 сыныптар арасында қыздар жиналысын міндетті түрде өткізіліп отырады. Қыздар төрайымы және олардың орынбасарлары әр жиналыста әрбір тақырыпқа баяндама оқиды. Оқылған баяндаманың маңыздылығы  қыз балаларды тәрбиелеу,  оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында,  әр түрлі аурулардың жығуына әкеп соғады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған.   Жалпы қыз балаларға арналған гигиеналық жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу үйрету. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге үйрету. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйретуді қарастырады.

         Қараша айларында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» , «Бүкіл әлем ЖКҚТ қарсымыз», «Алтын күз» шақырады атты тәрбие сағаттарын өткізілді.

                                

     Желтоқсан –қаңтар  айларында «Шынайы достықты бағалай  білесің бе?»  , «Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы»  атты баяндамалар оқылды. «Тауелсіздік тірегім» атты мектепішілік іс-шара өткізіліп, қыздар қауымы белсене қатысты.

                         

         Қыздарды   тәрбиелеу мектепте ғана емес,ата-ананың да міндеті.Баланың бос уақыты көп болған сайын жаман нәрсеге көп ұрынады. Қадағалаусыздық,түнгі уақытта бей мезгіл жүру електегіш балаларды қылмысқа итермелейді. Сол мақсатпен  әр тоқсанда   ата-аналар жиналысы өткізіп, баяндамалар оқылып отырады. «Құқық бұзушылық», «Суйцидті алдын-алу», «Діни экстремизм», «Нашақорлық» атты баяндамалар оқылды.

                               

            15 наурыз күні  « Көктем аруы-2016» атты   мектепішілік  7-11 сынптың  қыздар  арасындағы байқау өтті. Байқауға әрбір сыныптан 2-3 оқушыдан  қатысты. 7 сыныптан Әділқасым Айдана, Жантабаева Аяжан, Хэзенбай Дархын, 8 сыныптан  Қайырбекқызы Дана,  9 сыныптан Шаймуханбетова Элнура, Әділқасым Ақерке , 10 сыныптан Суршина Ұлайым, Серғалиева Алмаш қатысты.

                    

 « Көктем аруы-2016» аттымектепішілік байқауда  өзіннің сымбатына көркі сай аруымыз 10 сынып оқушысы Серғалиева Алмаш бас жүлдені иеленді.  Қыз  қылығымен сүйкімді дегендей  І орынды иеленген 9 сынып оқушысы Әділқасым Ақерке аруымыз. ІІ орынды иеленген  9 сынып оқушысы Шаймуханбетова Элнура . ІІІ орынды иеленген 10 сынып оқушысы Суршина Ұлайым және 8 сынып оқушысы Қайырбекқызы Дана иеленді.   «Қыз — қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызға  қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Көктем  аруы – 2016» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды бойынан байқадық.

 Талдықорған қаласы №2 орта мектептің «Қарлығаш» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

         Қыркүйек айында "Қарлығаш" қыздар ұйымының жұмыс жоспары бекітіліп, мектеп қыздарына таныстырылды. Қаңтар айында мектеп ішінде  «Бүгінгі замандағы, бойжеткеннің келбеті» пікір талас болды. Пікір таласқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Екі топқа бөлініп, ортаға салған ойды берілген уақыт бойынша әр топ өз ойлар айтып, видеоролик көрсетті.

                      

          Ақпан айында  «Қыздан қырық үйден тыю» іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша ауқымды түрде өтті. Іс-шараға арнайы бағдарлама құрып, келген қонақтарға таратылып берілді.

        

        Наурыз айында мектеп қыздар ұйымы «Қыз еркем- анасымен көркем»  атты сайысыөткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушыларымен аналары қатысты. 

А.С.Макаренко №6  орта мектептің «Сымбат» қыздар ұйымының атқараған іс- шаралары:

      Қыркүйек айының басында «Сымбат» қыздар ұйымының мүшелерін сайлады және жылдық жоспарды бекітті. Қыркүйек айының 19-і күні «Қыз –өмірдің гүлі» тақырыбында сұхбат өтті. Қазан айында «Мерекелі, берекелі күз» тақырыбындағы мектеп қыздары арасында сән үлгісінің байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: эстетикалық талғамдарын жетілдіру. Қараша айының соңында мектебімізде «Айгөлек» ән-би байқауы өтті. Байқау оқушылар арасынан таланытты оқушыларды табу, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін үйрету мақсатында өтті. Байқауға 25 оқушы қатысты, көрермендер саны 140 көлемінде болды. Желтоқсан айында мектеп оқушылары арасында «Қыз- өмірдің гүлі» тақырыбында пікір алмасу жиналысы өтті. Жиналыс қыз балаларды өз міндеттерін сезінуге, жауапкершілікее шақыру мақсатында өтті. Мектеп қыздары өз ойларын ашық айтып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойыды. 18 қаңтар «Болашақ ананың бейнесі» тақырыбында мектеп қыздары арасында дебат өтті. Бүгінгі қыз еретеңгі адал жар, аяулы ана. «Болашақ ана қандай болу керек?»,- деген сұрақты қоя отырып, болашақ ананың бейнесін жасады. Ақпан айында «Қыз болу оңай ма?!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел оқушы қыздар бойына ақылдылық пен әдептілік қасиеттерін дарыту мақсатында өтті.  Жиналыста қазақ халқы үшін қыз баланың орны өте жоғары екенін және нағыз қазақ қызына тән ізгі қасиеттер туралы айтылды.Наурыз айында мектеп қыздары асыға күткен «Мектеп аруы-2016» байқауын өткіздік. Байқаудың мақсаты: Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

 Талдықорған қаласы №25 орта мектептің «Бәйшешек» қыздар ұйымыны атқарған іс-шаралары:

  2015-2016 оқу жылының  қыркүйек айында «Бәйшешек» қыздар ұйымыны құрылып,қыздар ұйымының мүшелері тағайындалып, жоспары құрылып,бекітілді. Қыркүйек айында 5-11 сыныптармен қыздар жиналысы болып, «Бәйшешек» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстырып шықты. 5-11 сынып қыздарымен жоспар бойынша қазан айында қыздар  ережелерімен таныстырып, қыздардың шаштары қалай болу керек екендігі туралы, мектеп қабырғасында киімдері қалай болу керек екендіктері туралы айтылды. Қараша айында мектеп медбикелері мен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен слайдта, видео роликте түрінде 8-11 сыныптар арасында «Жас өспірімдер арасындағы жүктілік» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. «1 желтоқсан – Бүкіл дүниежүзілік  ЖИЖС-ке қарсы күрес күні Назарымызда ЖИЖС!» тақырыбында дөңгелек үстел, наркодиспансер мен тупдиспансер қызметкерлерімен кездесу  5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылып өтілді.Қаңтар айында 9-10 сыныптар арасында  «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында сынып жетекшілерімен бірге әңгіме өткізілді.  «Темекі тартқаның, өзіңді құртақаның» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында  әңгіме ақпан айында ұйымдастырылып өтілді.Наурыз айында 8-10 сынып қыздары арасында  «Қыз сыны» байқауы және «Қызым, саған  айтам...» тәрбие сағаты өтті.

Талдықорған қаласы №4 Горький атындағы орта мектептің «Қызғалдақтар» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

  Қыркүйек айында мектептегі барлық қыздардың тізімдігін алу, жылдық жоспармен таныстыру, бекіттіру жұмыстарын атқарды. Қазан айында Ұйым жетекшісі бойжеткен ережелерімен таныстыру мақсатында мектеп қыздарына жиналыс ашты.

Жиналыс мақсаты:

  •   Қыздарға адамгершілік тұрғысынан бойжеткен ережесін үйрету
  •  Өз бойларындағы сұлулықты, әсемдікті сезіну, адамдармен қарым-қатынас іскерліктерін   дамыту
  •   Қыздардың өз бойында инабаттылық, ибалық, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыруға, бірлікке тәрбиелеу   

     Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. 5-8 сыныптар арасындағы алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш. Үшінші кезең 9-11 сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз бвалаға ата – анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

                                        

          Қараша айының 24-і күні  қыздар жиналысы болып өтті. Медбике Сарманбетова Анар Айтқалиқызының ұйымдастыруымен, 6-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналыс барысында «Қызғалдақтар» қыздар ұйымының жетекшісі жылдық жоспармен таныстырып, медбике А.А.Сарманбетова жасөспірім қыздардың жеке гигиенасы туралы лекция оқып, қыздардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Мақсаты:

  • Қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз балаға  гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету
  • Өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру;
  • Қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу;

 Тазалық – денсаулық негізі,

 Денсаулық – байлық негізі.

     Желтоқсан айының 22-і күні «Әдептен озбайық»  тақырыбында психолог қыздар жиналысын өткізді. Психолог Г. Смағұлқызы  қыздарға әдеп нормаларын түсіндіріп, сұрақтар қойды.

Мақсаты: 

-          Оқушылардың  әдеп негіздері туралы түсінік беру

Міндеттері:

  • Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;
  • Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;
  • Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.                                                                         

     Қыздарды 4 топқа бөліп, әр топқа жеке-жеке мәтіндер беріледі. Мәтіннің соңындағы сұрақтарға қыздар түрлі жауаптар айтады. Қыздардың түсініктерін тереңдету мақсатында қазақтың тілімен ұштасып жатқан халық-мақалымен танысуды ұсынады. «Озар елдің қызы мінезді келеді», «Мінезді қыз», «Мінезге бай» деп қандай қыздарды айтамыз? Мінезі жақсы қыз өз елінің болашағына, халқының келешегіне, мемлекетінің беріктігіне қалай ықпал етеді деп ойлайсыңдар деген тәрізді сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас, жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы ой мен қорытынды жасалды.

       Ақпан айында «Қызға қырық үйден тыйым» атты мектеп қыздарына жиналыс болды.

Мақсаты:   

  •          Қыздарға қырық үйден тыйым ұғымдарының мәнін ашу;      
  • Адамдармен сыпайылық қарым-қатынаста болуын дамыту; 
  • Инабаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ұйым жетекшісі ұйымдастырған жиналыс қыздарға қатты ұнады. Қыздар өздерінің ел мақтанышы, қазақ ұлтының намысын, арын ұстайтын  тұлға екендіктерін сезінді.

     №26 орта мектептегі «Еркеназ» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

       2015-2016 оқу жылының  І жартыжылдығында «Еркеназ» қыздар ұйымының жоспарына сәйке жыл басында ұйымның І отырысында 10-сынып оқушысы Н.Шоқанқызы төрайымы  ретінде сайланып, мүшелікке 18 қыз бала қабылданды. Отырыс барысында ұйымның мақсаты мен жылдық жоспары таныстырылды.         16-қазан күні  7-10 сынып қыз балалардың аналары мен сынып жетекшілердің қатысуымен «Қызға – қырық үйден тыйым» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында  «Қызға – қырық үйден тыйым»  тақырыбында А.Қ.Жұмаділова баяндама оқып, қыз балардың тәрбиесіне қатысты бейнероликтер көрсетіліп талқыланды. 21-қарашада  мектеп медбикесі А.Қ.Қожахметованың қатысуымен «Жаны сұлудың – тәні сұлу» тақырыбында 5-10 сынып қыздарымен  кеңес өткізілді. Инабаттылық, ұқыптылық, тазалық  жайлы қыз балаларға кеңес беріліп, қыздар сұрақ қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар «Олвейз» компаниясының қызметкерлері келіп пайдалы кеңестерін беріп, сыйлықтарын таратты.

                  

      30-қараша күні 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне «Менің Тұңғыш Президентім» атты салтанатты жиын өткізді. Шоқанқызы Наргиз бен Мұсабаев Әмір жүргізуші болып, Президентіміз туралы баяндама жасалып, деректі фильм көрсетілді. 5-10 сынып оқушылары Отан, туған жер жайлы өлеңдер оқып, ән салды.

                 

14-желтоқсан күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 2-10 сыныптар аралығындағы үздік оқитын, пән олимпиадаларының,  КҒА, «Дарын»  байқауларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, жалпы дарынды, белсенді 48 оқушы қабылданды. Салтанатты жиында ұйымның арнай галстуктары мен төсбелгілерін  оқушыларға тағуға Еркін ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Сәулет Сейдімбекқызы, мектепаралық әжелер алқасының төрайымы Күләуза Молдағалиқызы, Еркін ауылы ардагерлерінің төрағасы Ізбасқанов Тортай ата, 4-сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы  Гүлжауһар Майданқызы шақырылды. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына  қабылданған оқушыларға Күләуза Молдағалиқызы батасын беріп, жиын соңы 16-желтоқсан  - Тәуелсіздік күніне арналған коцертпен жалғасты. Қыздар ұйымының 18 мүшесі толық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданды.  

                     

        20-желтоқсан күні «Бүгінгі бойжеткен, ертенгі асыл жар» тақырыбында  әжелер кеңесі өтті. Кеңеске Еркін ауылында тұратын Гүлбану апай, Хадиша апай, Гүлдерай апа, Сауле апай, Гүлмира апай, Алтынай апайлар арнайы шақыртылып қыздарға кеңестерін беріп, ой бөлісті.  26-29 желтоқсан аралығында Жаңа жыл мерекесін өткізуге жеке жоспар құрылып, жоспарға сәйкес 26 желтоқсан күні 0 – 1, 2 – 4, 5 – 7 сыныптар аралығында, 29 желтоқсан күні 8-10 сыныптарда мерекелік кеш өткіздік. Бастауыш сыныптардың мерекелік кешін өткізуге қыздар ұйымының мүшелері белсенділікпен ат салысты.

      5-ақпан күні жоспарға сәйкес қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық  өзгерістері жайлы дұрыс мәлімет беру және ерте болатын жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп медбикесі А.Қ.Қожахметова мен А.Қ.Жұмаділова дәрігерлермен арнайы кездесу ұйымдастырды.  Мәжіліс залда 7-10 сынып қыз балаларымен Еркін ауылдық округі емханасының терапевт дәрігерлері  Рахимбаева Аида Максимовна және Қошқарбаева Алма Тоқанқызымен   кездесу өтті. Терапевт дәрігерлер  қыз балалардың физиологиялық жетілуі, өзгерістері, тазалық ұстау,  некесіз жүктілікті болдырмау, ерте болатын жүктіліктің қаупі жайлы лекция оқыды. Лекция барысында қыз балалар білмейтін сұрақтарын дәрігерге қойып, нақты жауап алды.

               

         2016 жылдың қаңтар айының 10-нан ақпан айының 10-ы аралығында Республикалық «Қайырымдылық» акциясы  шеңберінде аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар және жартылай жетім балаларға көмек көрсету мақсатында Еркін ауылында орналасқан жеке кәсіпкерлерге арнап «Қамқорлық акциясына » қатысу туралы мектептегі «Еріктілер», «Жас ұлан» тобымен бірлесіп «Еркеназ» ұйымы да насихаттық кітапшалар таратты. Қаңтардың 30-ы күні Қамқорлық көрсетуге дайын және демеушілік білдірген кәсіпкерлер, ата-аналар комитетіне арнап «Қайырымдылық» концерті мектеп мәжіліс залында өтілді. Ақпан айының 13-і күні жасөспірімдерге отансүйгіштік тәрбие беру, Кеңес Одағының солақай саясатының ықпалы болса да, өздерінің Отан алдындағы міндеттерін аброймен  атқарып, от пен оқтан тайсалмай интернационалистік борыштарын өтеп қайтқан ағалар ерлігін паш ету, үлгі тұту мақсатында ардагер-жауынгерлер Айнеков Марат, Омаров Аман және Сейтқазинов Қайратпен кездесу кеші өтілді.Осындай қызықты кездесулер жас ұрпақ тәрбиесі үшін алар орны орасан екеніне кешке қатысушылардың барлығын толғандырды, ой салды. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қорғайтын ерлер екеніне сенімдері нығайды. Кеш соңында олармен бірге естелік суретке түсіп жігерлері тасып, жақсы әсермен үйлеріне қайтты. Бұл іс-шараның жоғары дәрежеде өтілуіне де «Еркеназ» ұйымы мүшелерінің еңбегі зор.

              

      16-ақпанда  8-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқау «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру, «Өнер әлемі» өз өнерін көрсету, «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру, «Қонақ күте білеміз бе?» үйден әзірлеп әкелген дәмділерді ұсыну, «Сұлулық әлемі» киім және шаш үлгісін көрсету кезеңдері бойынша өтті.

  

     Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 10-сынып оқушысы А.Сейтқожан, І орынды 8-сынып оқушысы А.Құдайберген, ІІ орынды 9-сынып оқушысы Б.Алимбекова, ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Д.Тоқтарбаева иеленді, жеңімпаздар мадақтама мен сыйлықтармен марапатталды.

        1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай  Білім бөлімінің жоспарын негізге ала отырып  мектепішілік  жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес «Еркеназ» ұйымы педагог-ұйымдастырушы А.Қ.Жұмаділовамен бірлесе отырып төмендегідей іс-шаралар өткізді. 22-26 ақпан аралығында 5-10 сыныптар аралығында «Алғыс білдіремін» тақырыбында шығарма мен өлең жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша  үздік  деп таңылған  5-10 сынып оқушылары марапатталды. 25 ақпан күні 5-10 сыныптар аралығында «Ата-анам – алтын тұғырым» отбасылық фотолар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің қорытындысы бойынша І орын 7-сынып оқушылары, ІІ орынды 10-сынып оқушылары, ІІІ орынды 6-сынып оқушылары иеленді.22-26 ақпан аралығында «Алғыс айту парызым» тақырыбында  сынып сағаттары өтті.

                                            

    7 наурыз күні  8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жаұлан»  ұйымы мен «Еркеназ» қыздар ұйымының  ұйымдастыруымен  «Ана - әлем келбеті»  атты  концерт қойылды. 27 наурызда  Еркін ауылы әкімшілігі  ұйымдастырған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне қатыстық. Арнайы Наурыз мерекесінің сценарийін құрылып, киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленіп, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында  жарапазан айту, сүйінші сұрау, тойбастар айту, көрісу, шашу сияқты дәстүр түрлеріне көрініс қойылып, концерт қойдық. Концерттік бағдарламада 1 сынып оқушылары «Көктем» биін биледі, 5 сынып оқушысы Сейсенбек Қуаныш, «Еркеназ» ұйымының мүшелері 10 сынып оқушысы Асланова Әйгерім, 8 сынып оқушысы Санатқызы Гүлзат ән салса, 5-10 сынып оқушыларынан құрылған 60 оқушы флешмоб биледі.

                       

 М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейінің  "Томирис" қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

      2015-2016 оқу жылының басында  "Томирис" қыздар ұйымының І отырысы өткізіліп, төрайымы 11Г сынып оқушысы Ходжаназарова Саида, орынбасарлары - 10Д сынып оқушысы Нугманова Аида мен 11А сынып оқушысы Шаяхметова Камиля  сайланды. Ұйым мүшелерінің шешімімен оқу жылына арналған жұмыс жоспары жоспарланып, мектеп директорымен бекітілді.

        Қазан айында мектеп фельдшері Г.Жолдыбаева 9 - сынып қыздарына "Қыз баланың гигиенасы" тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізді. Мақсаты: Қыз баланың  гигиеналық тазалығын сақтай білуге үйрету, олардың шылым шегу, нашақорлық, арақ ішу секілді зиянды әрекеттер - туралы теріс көзқарастарын қалыптастыру. Әңгіме барысында қыздарға жалпы ағзадағы өзгерістер, сырт келбеттегі өзгерістер, дұрыс жуыну ережелері, алғашқы етеккір, гигиена немесе тазалық шарттары туралы түсіндіріп өтті. Қыз балалар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, дәрігермен ой бөлісті.

       Қараша  айында Оспанова Б.С.8-сынып қыздарымен «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында  өнеге сағат өткізді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Жұмыс барысында қыздарға «Қазақ қызы қандайсың?» , "Темекінің зияны", «Қызым үйде - қылығы түзде» тақырыптарында бірнеше бейнефильмдер көрсетіліп, талқыланды және «Әдемі қыз» тақырыбында  слайд көрсетіліп, ақыл кеңес берілді.

            Желтоқсан айында 7 -сынып қыздарымен Тулеудиьдина Н.Н. "Спорт, здоровье, красота – наши лучшие друзья" тақырыбында пікірталас өткізді. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Пікірталаста оқушылар тек қана ойларын айтып қоймай, жылдамдығын, тапқырлығын арттыруға арналған тапсырмаларды да орындай білді.

    Зейнелгапова Р.К. «Бүгінгі замандағы бойжеткен келбеті» тақырыбында 11-сынып қыздарымен қаңтар айында дөңгелек үстел өткізілді. Тақырып бойынша қыз балалар өздері дайындаған жұмыстарын (презентация, слайд, видеороликтер) ортаға салып, талқылады, ой бөлісті. Сонымен қатар қыздармен -

1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?

2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)
3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?

4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?

 5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?

6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? - деген сұрақтар төңірегінде сауалнама жүргізілді.

            Ақпан айында  8-сынып қыздарымен Ахметова М.С. "Дружба и товарищество" тақырыбында дебат өткізді. Мақсаты: Қыздарды жақсы достық қарым-қатынас орнатып, бір- бірін сыйлай білуге,әрқашан көмек көрсете алуға тәрбиелеу. Қыздарға бірнеше ситуациялық сұрақтар қойылды, шаттық шеңберіне тұрып ыстық лебіздерін білдірді, соңында бірлесіп "Достық мәңгілік" (Дружба вечная)әнін шырқады. 10-сынып қыздарымен Мектеп психологі «Әдептен озбайық» тренинг өткізді. Мақсаты: қыздарды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Кіріспе бөлімде әдептілік туралы әңгімелесіп, "Ой жалғастыру" бөлімі 1) Әдепсіз болмаймын десе, не істеуге болмайды?

2) Әдепті бала деген атқа сай болу үшін, не істеу керек? - деген сұрақтарға өз ойларын жалғастырып жазды, сәлемдесу қағидасы туралы айтылды. "Ойталқы" бөлімінде бірнеше тақырыптарды қыздар өздері таңдап, мынадай қорытынды жасады:

1) Көлікке итермей кіру керек;

2) Жол ақысын төлеу;

3) Үлкендерге орын беру;

4) Кәрі кісілердің мініп - түсуіне көмектесу;

5) Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу;

ІІ. 1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста;

2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу;

3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе;

4) Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес;

5) Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұстау керек.

Соңында "Мен сені жақсы көремін" тақырыпта тренинг ойнатылды.

            Пак Н.А. мен  Хаустова В.В9В, 9Г-сынып қыздарымен "Правила хорошего тона" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты:  Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Мәдениетті, сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу. Қыздарға сөйлеу әдебі туралы салыстырмалы түрде бірнеше бейнероликтер (видеоролик), ситуациялық сұрақтар тасталды. Қыздар берілген тапсырмалардың дұрыс-бқрыстығын айтып, күнделікті өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, дәлелдеуге тырысты.

№13 орта мектептің «Қызғалдақ»  қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

     «Қызғалдақ» қыздар ұйымының мақсаты: Мектеп жасындағы оқушылардың сабақтан қалмауына,мектептегі қыздар тәртібіне киім киісіне, сабақ үлгеріміне ден қоя отырып олардың бойында елжандылық, имандылық, кішіпейілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

     Қыркүйек айында 2015-2016  оқу жылында  «Қызғалдақ» қыздар ұйымының өткізілетін іс-шараларының  жұмыс жоспары жасалып , бекітілді.Қазан айындағы қыздар жиналысында "Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері" тақырыбында баяндама оқылып, тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді. Жиналысқа мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагог пен қыздар ұйымының жетекшісі қатысып, қыздарға ақыл кеңестер айтылды. Сонымен  қатар қыздар мектепте өткізілген «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысты.

               

           Қараша айында "Қыз бала гигиенасы" тақырыбында мектеп медбикесі қыздарға баяндама оқып, гигиена жайында қойылған сұрақтарына жауап берді. Барлық отырыстардың хаттамалары уақытылы толтырылып, баяндамалары өткізілді. Желтоқсан айында « Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында «Қызғалдақ» ұйымының жетекшісі Г.Н. Сатова баяндама оқыды және мектепішілік жаңа жыл шыршасы өткізілді. Бұл мерекеге қыздар мен ұл балаларымыз белсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталдыү. Қаңтар айында  «Әдептен озбайық» тақырыбында  мектеп психологы  Сүлеймен А. Б және мектеп  инспекторы Утегенов У.Г.  тренинг өткізді және «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы ұйымдастырылып, өткізілді. Наурыз айында «Қызғалдақ» ұйымының жетекшісі,  төрайымы, орынбасарлары және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне» орай, мектепішілік « Ару  2016» байқауы өткізілді.

  

 

      Сонымен қатар «Ата – баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша мектепте «Салт дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында тәрбиелік іс – шара өткізілді. Іс – шараға қалалық әжелер алқасының төрайымдары мен мүшелері, облыстық ата – аналар комитеті және қала мектептерінің әжелер алқалары қатысты.  Бұл іс – шарада қазақтың салт – дәстүрлері көрсетіліп, наурыз мерекесі тойланды. Осы аталған іс – шараларға «Қызғалдақ» қыздар ұйымы толығымен қатысты.


    К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің «Қызғалдақтар» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары: 

        Қыркүйек айында « Қызғалдақтар » қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарын таныстыру  және бекіттіу, мектептегі 5-11 сынып аралығындағы қыздардың тізімдігін жинадық. Қыдар ережесімен таныстыру болды. Қазан айында «Бүгінгі бойжеткен,  ертеңгі асыл жар»   тақырыбында  баяндама оқылды.  Баяндама мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қараша айында«Біле  жүріңіз» тақырыбында   қыздарға  кеңес жургіздік. Қыздарды ойландырып жүрген мәселелерімен жұмыс жасадық. Желтоқсан айында Ажарлы, сұлу, ғажап  тым қыздары қандай  қазақтың»   дөңгелек  үстел өтті. Жиналыстың мақсаты: эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Ұлттық  салт – дәстүр, әдет – ғұрып пен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Ақпан айында «Шаш өру- қазақ қызына тән» атты мектеп қыздарына арналған жиналысымызды өткіздік. Қыз бала шашты қалай күту, қалай өру керектігі туралы айтылды. Қаңтар айында психологтің ұйымдастыруымен  «Әдептен  озбайық»  тренинг өтті. Қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында тернинг жүргізілді. Ақпан айында мектеп қыздары арасында «Озар  елдің  қызы  мінезді  келеді»  пікірталас өтті. Өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, басқа пәндерден алған білімдерін адам және қоғам пәнімен байланыстыра отырып, өз бетінше ойлай білуге, оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру төңірегінде сөз қозғалды.

 №21 орта мектеп «Қызғалдақ » қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

        «Қызғалдақ » қыздар ұйымының  жұмыс жоспары құрылып, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап  орындалуда. Мектеп психолоктраы Г.Райсова ,Б.Досанова қыздармен  айына 1-рет кездесу өткізіп отырады. Мақсаты: қыздар арасындағы  тәрбие, имандылық, құқық бұзушылық бойынша тернингтер өткізіп, тәуекел топқа жақын қыздарды анықтап отырады. Қазан айында «Қыз әдебі» тақырыбында сауалнама алынып, сараптамасы жасалынып ,оқушылар бойындағы әдемілік пен парасаттылықты  анықтап,мониторинг шығарып отырады. Мектеп медбикесі  К.Исаханова Қыздар арасында «Қыз бала, жасөспірім,бойжеткен» тақырыбында  жиналыс өткізіп.қыз балаларға кеңестер берді.

      

Қаңтар айында  мектепте Талдықорған қаласы прокуратурасының бөлім  прокуроры Б.Аскаров, Талдықорған қалалық ІІБ ЮПБ-ң учаскелік инспекторы, полиция майоры,  Р.Утегенова,полиция аға лейтенанты Ж.Матақбаевпен бірлесіп «Кәмелеттік жасқа толмағандардардың жыныстық бостандықтарына қарсы қылмыстардың алдын алу және  сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер » атты  тақырыбында  7-11 сыныптың қыздары арасында дөңгелек үстел өтті.

      Сонымен қатар  8-9 сыныптар арасында «Қызға қырық үйден»  тыйым тақырыбында  11  сынып жетекшілерінің басшылығымен коучинг сабағы өтті.Қыз балалар  көтерілген мәселе бойынша өз ойларын  постерлер салу арқылы ортаға салып,пікір алмасты. Қаңтар айында «бақытты болу ережелері» атты тақырыпта барлық сынып қыздары жиналып, тақырыпты талқылады.  Әр түрлі ойлар, сындар айтылды. Бқл тақырып сұрақ-жауап түрінде өтілді. Барлық қыздар ат салысып қатысты. «Денсаулық  - зор байлық» атты тақырыптағы жиналыс ақпан айында өтті. Барлық сынып қыздары жиналып, денсаулықтың  маңызы туралы сөз қозғады.

 

Н. Островский атындағы  №8 орта мектептің «Еркеназ» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

             2015-2016 оқу жылындағы мектебіміздегі ұйымдастырылған «Еркеназ» қыздар ұйымының алдына қойған мақсаты: «Қыз балаларды елжандылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу».

Жылдың басында, яғни қыркүйек айында қыздар жиыны ұйымдастырылып, «Еркеназ» қыздар ұйымының төрайымы және орынбасары тағайындалды. Осы 2015-2016 жылына ұйымның жүргізілетін жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.

         Ұйымның алдына қойылған мақсаты: қыз балаларды елжандылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Осы құрылған жоспарға сәйкес алғашқы отырыста қыздар ұйымының төрайымы  Ақнәрлі Әдепхан «Адамгершілік – асыл қасиет» атты баяндама оқыды. Баяндамада қыз балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді дарыту, «Қыздың жолы - жіңішке» деген ұғым арқылы қыз балалардың алдағы өмір кезеңі туралы мағлұматтар беріліп, инабаттылықпен  ұштастырылды. Пікір алмасу, ой бөлісумен жалғасты.      Қазан айында  «Өмірдегі ең маңызды нәрсе» атты дөңгелек үстел  Мөлдір Шаяхметованың  ұйымдастыруымен жүргізілді.

       Аталған тақырыпты ашу мақсатында  сұрақ-жауап, пікір алмасу, диспут ұйымдастырылып мынадай қорытынды жасалды. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесінде ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.  Қараша айында мектебіміздегі медбике Омаровамен кездесу ұйымдастырылды. Дәрігер маман өз сөзінде қыз баланың өміріндегі өзгерістер жіне қыз баланың гигиенасы туралы айтты. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мағыналық кеңестер берді. «Қазіргі заман заманға сай болу дегеніміз не? » атты ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің нәтижесінде мынадай тұжырым жасалды. Қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы болуы тиіс. Оның жүзі жылы шырайлы. Өзі ұяң, әрі жаны мен таны таза болып келеді. Дене бітісі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты, ажарлы, көз жанары өткір, бет-әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр, шырайлылық-қазақ қыздарына тән қасиеттер.Желтоқсан айында оқушыларды қазіргі кездегі өрбіп жатқан әр түрлі діни ағымдардың зиянынынан сақтандыру мақсатында кезекті отырыс өтті. Бұл жиында «Еркеназ» қыздар ұйымының төрайымының орынбасары  Дильнуза Әбекова «Адам және қоғам» атты баяндама оқыды. Қаңтар айында  «Еркеназ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «қыз қылығымен» атты пікірталас өтті. Қыздар ұйымының төрайымы қазақ қызына тән мінез-құлықтар туралы сөз қозғады. «Қыздарға қырық үйден тыйым» атты дөңгелек үсетл ақпан айында атқарылды.

    Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің  «Аруна» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

        «Аруна» қыздар ұйымының алғашқы отырысы қыркүйек айында  ұйым мүщелерін тағайындау, жылдық жоспра құрып, бекіту жұмыстарын атқарды.  Желтоқсан айында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» қыздар және ұлдар ұйымымен бірлескен жұмыс атқарылды. Әр сынып қабырға газетін шығарды. «Өмір-қымбат сый» 8-11 сынып қыздар және  ұлдар ұйымымен бірлескен жиналыс болды, ата- аналарда жиналысқа шақырылыды. Ақпан айында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы әрекеттердің алдын алу және болдырмау жұмыстарын жетілдіру мақсатында  облыстық білім басқармасымен бірлескен жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

   №19  М.Жұмабаев атындағы орта мектептің «Бойжеткен» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

        «Бойжеткен» қыздар ұйымының жұмыс жоспарын бекіту жұмстары қыркүйек айында атқарылды. Қазан айында «Қыз өссе елдің көркі» атты жиналыс болды. Жиналыстақыз баланың жүріс-тұрысы, өзін ұсатуы, сыпайы болуы туралы сөз қозғалды. Қараша айында ұйым жетекшілерінің ұйымдастыруымен қыздарға тән мінез-құлық туралы баяндама оқылды. «Бойжеткен – Ана – Әйел» тақырыбында желтоқсан айында  әжелер, апкелермен сүхбат өтті. Оқушы қыздар өздерінің жауапкершілігі мол екендіктерін, ибалы, иманды болуы керектігін түсінді. Қаңтар айында «Сендер есейіп келесіңдер» тақырыбында барлық сынып қыздарына жиналыс болды. Мектеп медбикесімен кездесу болды. Өсіп-жетілу кезеңіндегі есте болатын жағдайлар туралы сөз қозғалды.Наурыз айында «Мағжан аруы» байқауы болды. Байқауға 7-10 сынып аралығындағы қыздар қатысты. Арнайы қонақтар шақырылды.

 

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы  №18 мектеп- лицейінде «Балауса» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

    «Балауса» қыздар ұйымының жоспары бойынша бірнеше шаралар өткізілді. 2015 жылдың желтоқсан айында «Шаш өру- қазақ қызына тән»  тақырыбы бойынша лекция оқылып, слайдпен шаш үлгілері көрсетілді. Қаңтар айында «Гендерлік саясат қазақтарды қайда апарады»  тақырыбы бойынша  8-9 сынып оқушыларына лекция оқылып, диспут өткізілді. Ақпан айында «Әдептен озбайық» атты диспут тренинг өткізілді. Наурыз айында «Қыз бала- ұлттың ұяты» тақырыбы бойынша лекция оқылып, диспут тренинг өткізілді. Сәуір айында «Жеке бас гигиенасы және қоғамдық гигиена» тақырыбы бойынша лекция оқылды.Мектеп медбикесі  Үсенова Аққуан  оқушыларға физиологиялық, жеке гигиенаны сақтау тұрғысынын ақыл -кеңес берді. 6-7 сыныпта оқитын қыздар үшін қалалық репродукциялық денсаулық орталығынан арнайы лекциялар оқылып, гигиеналық қажетті заттар тегін таратылды.

              

№17 орта мектеп «Сырғалым» қыздар клубының атқарған іс-шаралары:

 «Сырғалым» қыздар клубы өз жұмыстарын уақытында атқарап келеді. Қыркүйек айының 5-і күні  «Сырғалым» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту туралы дөңгелек үстел өтті. «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» атты тақырыпта клуб жетекшісінің ұйымдастыруымен  кездесулер болды, қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуы туралы айтылды. 5-11 сыныптарда  мектеп медбикесі, мектеп инспекторы ,мектепішілік қыздар ұйымы және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қыздар жиналыстары өткізіліп,  қыз балаларға «қырық үйден тыйым» екендігі айтылып,  сақтық шаралары  жайында түсінік беріліп,қыз балалардың ойларында жүрген сауалдарға жауап берілді.

                

Мақсаты:

1.      Қызға қырық үйден тыйым» әдептілік сабағымен таныстыру;

2.      «Ар», «намыс», «адалдық» туралы ардагер ұстаз Роза Ахметолдақызы баяндады.

3.      «Ержету және бойжету» туралы мектеп медбикесі баяндады.

4.      Жыныстық қол сұғылмаушылық туралы, олар бойынша жаза тағайындау, олардың алдын алу және олардан сақтандыру бойынша уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар туралы түсіндіру мектеп испекторы таныстырды.

        Қараша айында  «Қыз қылығымен...» атты жиналыс болып өтті.  Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.    Желтоқсан айында «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз»  тақырыбындағы көлемді жиналыс өтті.  Зорлық – зомбылықтың түрлері, оларға қолданатын жазалар, олардың алдын алу  туралы,  зорлық зомбылықтың адам ағзасына тікелей әсер ететіні, «Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан сақтау» туралы кеңінен талқыланды.

 №16 орта мектеп «Қызғалдақ» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

         Қыркүйек айында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жылдық жоспарды бекітіп, таныстырылды.  «Қыз өссе елдің көркі -гүл өссе жердің көркі» атты алғашқы жиналыс болды.  Жиналыстың мақсаты: Балаларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт – дәстүр, әдет ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір – бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру; балалардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту.

         Клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен қаңтар айында  «Қыз –қылығымен» пікірталас болды. Пікірталаста қазақ қызына тән қылықтар туралы сөз болды.  Ақпан айында клуб жетекшісі және мектеп псхологінің ұйымдастыруымен «Қыздарға қырық үйден тыйым» туралы әнгіме болды. Наурыз а  йында «Қызға қырық өнерде аз» ( қолөнер байқауы) болды. Қыздар өздерінің қолөнер шебері екендігін дәлелдеді.

                                         

№ 15 орта мектептің «Қыз Жібек» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралары:

  «Қыз Жібек» қыздар ұйымының 2015-2016 оқу жылында құрылды. Қазан айында қыздар арасында алғашқы жиналыс болды. Жиналыста қыздар ұйымының жылдық жоспары мен жаңа төрайымдері туралы айтылды. 2015 жылғы 23 қазан күні мектепте  жоғарғы сынып қыздарымен «Қыз қылығымен сымбатты» атты қыздар жиналысы өткізілді.

 Жиналыстың мақсаты:

  •  Мектеп қабырғасында жүрген бүгінгі  аруларымыздың ертеңгі адал жар, аяулы ана, ардақты әже атануына үлес қосу, оларға тәлім- тәрбие беріп, білім ордасында  тұлға болып қалыптасуына көмектесу;
  •  «Қыз»  деген атқа лайық болып, қашанда тәлімді, тәрбиелі, ибалы да инабатты  болып жүруіне көмектесу, олардың тәрбиесіне  көңіл бөлу;
  •   Оқушыларға қазақтың салт-дәстүрін ұғындырып, меңгерту;
  •   Имандылық салтын қалыптастыру;  мектепте жаймашуақ ортаны орнату;
  •  Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;

         Наурыз  айында «Қызға қырық өнер де аз» қолөнер байқауы жиналыс өтілді.  Мақсаты:  қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және кішіні бірдей сыйлауға тәрбиелеу.  Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет. 

                         

№14орта мектептің «Алтын-Ай» қыздар ұйымының атқарған іс-шаралдары:

     Қыркүйек айында мектепішілік құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға «Нөлдік төзімділік» ұғымын жете түсіндірілді. Мектеп ішіндегі ережелерді қатаң сақтау ережелері туралы айтылды. «Қыздар тұлғасының ерекшелігі» атты дөңгелек үстел  қазан айында қыздарды этикалық және эстетикалық тәрбиеге бағыттау мақсатында жүрді. 8-10 сынып қыздары қатысты. Қараша айында«Ұялы телефонның зияндылығы»тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 6-7 сынып оқушылары қатысты.

Қаралған мәселелер:

  •           Ұялы телефонның денсаулыққа зияны.
  •  Қазақстан бойынша ұялы телефон пайдаланушылар саны
  • Ұялы телефонға кететін жыл сайынғы ақша көлемі.

          «Зорлық- зомбылықсыз өмір»қыздар жиналысы ақпан айында өткізілді. Мақсаты: мектеп қыздарының арасында «Зорлық –зомбылықсыз өмір» тақырыбында қыздармен әңгіме құру, қыздардың жыныстық жетілуі , қыздар психологоиясы жайында әңігіме жүргізу,  Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты жиналыс ақпан айында өткізілді. Жиналысқа арнайы қонақтар шақырылды.

               

Мақсаты : Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

          

     «Наурыз Аруы-2016» байқауының мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.