Добро пожаловать уважаемые  посетители  нашего  сайта!
 Родительский комитет Алматинской области  рад приветствовать вас!
       Включение нашего комитета в мировую информационную сеть не только поднимет его престиж, но и объединит нас всех в единое целое - родителей, учеников, учителей и неравнодушных людей к учебно-воспитательному процессу  подрастающего поколения.
    На нашем сайте вы можете получить информацию о работе Родительского комитета Алматинской области и о других вопросах, входящих в компетенцию комитета.
    Ждем ваши отклики и конструктивные предложения, которые помогут в организации работы сайта. 
 С уважением, председатель Родительского комитета Алматинской области Кыдырбаева Д.С.

Авторизация 

Главная

«Қиын бала» қайдан шығады?

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Б.С.Какимжанова 
Көкдала орталау  мектебі

 

 

      Тәрбие, тәрбие десек те , кешегі дүние есігін "іңгәлап" ашқан сәбимізден, бал тілді баламыздан өсе келе тілазар, тентек, еркетотай, сондай – ақ жасық, қыңыр ұстаздар тілімен айтқанда "қиын" бала қайдан шығады деп таң қаламыз. Бұл мәселе жөнінде өмірде кездесіп жүрген жәйттерден мысалдар келтіре отырып ой толғауды жөн көрдік. Баланың қылығы, әдеті, іс - әрекеті әр отбасының айнасындай. Бала көргенін қайталайды, яғни үйдегі тәрбие баланың әдетіне өз таңбасын салып отырады. Мысалы, баланың тоңмойын, қыңырлығы отбасындағы тым қаталдық, мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс еркелетіп, шолжаңдатудың нәтижесі емей немене? Оған  ата – ана тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз, "қиын" атануы оп – оңай.

     Еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата – ана "немеремнің алды, кенжем немесе тұлабойы тұнғышым еді" деп баланың айтқанының бәрін орындап, шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейді, ата – анасының  өзін тыңдамайды, еңбекке мойыны жар бермейді, тіпті сабаққа онша құлқы соқпайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске асуын көздеп, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұл кейін баланы да, тәрбиелеген ата – анасын да әртүрлі әбігерге салады. Кейбір ата – ана баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп алады ғой деп тәрбиені кейінге қалдырады. Сөйтіп жүріп баланы еркіне жіберіп, уысынан шығарып алғанын байқамай қалады. Мұндай жағдайда ата- ана бала өзіне - өзі келіп, тәрбие ырқына көнбей бара жатқанда ғана өкінеді. Барлап қарасақ, тіпті жөргектегі сәбидің өзіне де тәрбие керек екен. Уақтысымен тамақтандырып, уақтысымен ұйықтатылған нәресте сол мерзімге дағдыланады да, мезгілсіз жыламайтын болады. Ал, керісінше, үнемі көтеріп жүрсе бала қолдан тастамай көтеруді талап етіп шырылдайтынды шығарады. "Тәйт " деген тыю естімей, бетімен кеткен бала көбіне өзімшіл өркөкірек, үлкенді, ата – ананы сыйламайтын тілазар, әлі келгенді жәбірлеуге бейім тұратын содыр, жан қинап еңбек ету орнына оңай олжа табуды артық көретін арамтамақ болып өсетіні жөнінде өмірде кездесіп жүрген осындай мысалдалдар аз емес. Бұл айтылғандардан әсте "баланы еркелетпеу керек" деген ұғым тумайды.

 

     Баланы жақсы көру, еркелету де әкелік, аналық мейірімге тән табиғи мінез. Бірақ еркелету деген баланың ыңғайымен жүру, қисық – қыңырына да көне беру деген сөз емес. Жақсы тәрбиенің әліппесі – баланы әрбір шалыс, ағат қадамнан оң жолға, өнегелі жолға бұрып отыру болса керек. Сонымен қатар оқушының жақсы немесе жаман болып қалыптасуына қоршаған ортаның әсері зор. “Қиын баланың” қалыптасуына оның тұратын жерінің де әсері болуы мүмкін. Оқушы үшін мектептің орны бөлек. Ғалымдар құқық бұзушы жасөспірімдердің саны кейбір мектептерде тұрақты түрде көп болатынын және оның жаман тәртібімен көзге түсуі негізгі екі факторға байланысты екендігін анықтаған. Оның бірі мектептегі мұғалімдердің ауысуы болса, екіншісі сыныптағы оқушылар құрамының айтарлықтай жиі өзгеруінде екен. Мектептің беткеұстар оқушыларының бір-бірімен және мұғалімдермен қарым-қатынастары жақсы, олар мектепке берілген, оқуға қызығушылықтары мол болады. Нашар оқитындарда мектепке қарсы көзқарас қалыптасады, олардың арасында құқық бұзушылар да көп болып, мектептің ережелеріне қарсылық көрсететін құбылыстар жиі орын алады. Мектептің осындай жағдайдан шығу жолы қандай? 

      Ш. Амонашвили және басқа да педагогтердің тәжірибелері көрсеткендей, барлық оқушылар мектептің оқу үдерісінен және одан тыс әрекеттерінен қанағаттанғандық пен жағымды эмоция алуының маңызы зор. Сондықтан оқушыларды білімдері үшін ғана мақтап қоймай, олардың кез келген жетістіктерін (суреттен, ән-күйден, спорттан, басқа да шығармашылықтарынан) де қолдап, қолпаштап отыру керек. Сабақ үлгерімі нашар оқушыларды мектепте өтетін барлық шараларға қатыстырып, білім ошағына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеген дұрыс. Баланы “үлгерімі жаман оқушы” деп шетқақпай қылмау керек. Өйткені, оқуға қабілеті төмен балалар өздеріне назар аударту үшін де тәртіпсіздік жасауға, дау-дамайдың арасынан табылуға жақын тұрады. Сонымен қатар, балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатқан тиімді. Оқушыларды “жақсы” немесе “жаман” деп бөлмей, олардың барлығының табысты болуына қол жеткізу жолдарын қарастырған абзал. Біздің  Көкдала орта мектеп  ұжымы осы бағытта жұмыс істейді. Біздің мектепте барлық балалар өздерін жайлы сезініп, өз ойларын жетік жеткізе алады. Мектепте өтетін шараларға оқушылармен бірге ата-аналардың да қатысуы маңызды. Ойын түрінде өтетін шараларға отбасы болып бірлесе қатыса отырып, олардың арасында бір-біріне деген жанашырлық, ынтымақшылдық, ұйымшылдық сезім туады. Мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар оң нәтиже берері сөзсіз. Бір-біріне достық пиғыл қалыптасқан ортада бала табысты болары анық. Ал ондай жерде “қиын балаға” да орын болмайды.